Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК (бұдан әрі-Аурахана) барокамера аппараты кеңінен қолданылады.

Тұрғындар үшін бізді қызықтырған сұрақтарға Аурухананың жоғары санатты дәрігері Людмила Васильевна Лепеш жауап берді.

- Гипербариялық оксигенация (ГБО) дегеніміз не?

Л.В.: Гипербариялық оксигенация (ГБО) дерт тараған органдардағы оттектің жетіспеуін жояды, оның функцияларын қалпына келтіреді және ауруға шалдықтырған факторларға қарсы тұрады. Бір емшараның ұзақтығы шамамен 40-60 минут. ГБО сеансын өткізу үшін бітеулік жағдайда  оттектің жоғары қысымын тудыратын арнайы барокамералар қолданылады. Заманауи барокамералар емдік сеанс кезінде қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Әдетте, науқастар ГБО сеансын жақсы қабылдап жатады. Қолданылған әдіс және тұрақты бақылау жағымсыз әсерлердің болмауына кепілдік береді. Емделуші барокамерада емдік оттекті жұта отырып еркін қалыпта (жату) болады. Сеанс барысында ол тіптен ұйықтап алады. ГБО емдік дәрі-дәрмектерді тағайындаусыз қолданылауы мүмкін. Әдетте емдік әсерге қол жеткізу үшін 5-10 емшара өткізу жеткілікті болып табылады.

Барокамерадағы сеанстар шаршағандықты жояды, қызу жұмыстан кейін жұмсалған күшті қалпына келтіреді, күйзелуге қарсы қасиеті бар, бұлшықет тонусын арттырады, жалпы қатайту және сергіткіш әсерді қамтиды, ластанған атмосфераның жағымсыз әсерін азайтады. ГБО курсынан өткен аурухана емделушілері жұмыс қабілеттілігінің артқанын және психоэмоциялық жағдайдың тұрақтанғанын атап  көрсетуде. 

– ГБО қолдану қандай аурулар кезінде тиімді?

Л.В.: Аталмыш әдіс неврологияда бас сүйек миының жарақаты бар және оның қалдық көріністері бар, нейроциркуляциялық дистониямен ауыратын, инсульт салдары бар  және т.б. науқастарды емдеуде табысты нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Ал терапияда созылмалы гепатитпен, аш ішек және асқазанның ойық жаралы ауруымен ауыратын, күретамыр гипертониясымен, қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеуде біршама оң нәтижелерге қол жеткізілді, яғни қант диабеті кезінде ГБО диабеттік ангиопатияның алдын-алу үшін қолданылады. 

Хирургияда  жабыспа ауруы, шиқан шығып ауыру, сынықтар кезінде аса тиімді болып табылады. Сондай-ақ ГБО-терапиясын хирургиялық отаға дайындау кезінде және отадан кейінгі кезеңде қолдануды ұсынамыз, яғни емделушінің наркоздан жылдам және ауырсынбай тұрып кетуі үшін, сонымен қатар жарасының жазылу  мерзімін және асқынулардың туындау қауіпін азайтады.

Спорттық медицинада спортшылардың жаттығу деңгейін арттыруда және жаттығудан кейін күшін қалпына келтіруды жеделдетуде табысты жетістіктерге қол жеткізілді.

Онкологияда ерекше топты  онкологиялық аурулар кезінде химиялық және сәулелі терапияны қабылдаушы науқастар құрайды.  

Сондай-ақ бас жазу синдромдарын жою үшін де қолданылады.

ГБО – созылмалы шаршағандық синдромы кезінде, сондай-ақ жасалған пластикалық оталардан кейін алдын-алу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.

-Дәрігердің жолдауынсыз жеке барокамерада ем алуға бола ма?

Л.В.: Иә, әрине. Сізді біздің аурухана дәрігерлері қабылдап қажетті кеңесті береді, қажет болған жағдайда диагнозды нақтылау үшін зерттеу тағайындайды және емдейді. 

Жұмыс тәртібі – сенбі-жексенбі күндерін қоспағанда, күнсайын сағ. 8.00-ден  – 15.00-ге дейін, байланыс телефоны – 50-69-42. 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді