Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2019 жылдың 18-19 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-нда «Ішектің қабынба ауруларын емдеудегі  пәнаралық менеджмент» тақырыптық жетілдіру циклының бағдарламасы өтеді.

Ұйымдастырушы: 

• ҚР ДСМ Ішкі аурулар және кардиология ғылыми-зерттеу институты 

• Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК 

• Ішекті зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы (ІЗҚҒҚ) 

Оқытудың басты мақсаты – ІҚА клиникалық ағын ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ диагностика және емдеу алгоритмін әзірлеу, осы ауруларды көпшілікке түсіндіріп тарату белсенділігін арттыру. 

Міндеті: 1. Әр түрлі бейіндегі дәрігерлерді оқыту. 2. Біліктілігін арттырады, куәліктер беріледі. 3. Израиль және Ресей, Татарстан елдерінің жетекші клиникаларынан келген халықаралық әріптестер, сондай-ақ республиканың бас гастроэнтерологы мен гепатологы  лекция оқиды.

Бұл іс-шараның ерекшелігі мынада: Ішектің қабынба ауруларын (ойық жаралы колит және Крон ауруы) емдеудегі пәнаралық әдіс, яғни жалпы практикадағы дәрігерлерден хирург дәрігерлерге дейінгі қызмет бағыты.

Аталмыш дерттің өзектілігі барлық әлемде ойық жаралы колит (ОЖК) және Крон аурулар (КА) санының өсуімен анықталады, яғни балғын жастағы тұлғалардың әлеуметтік және кәсіби белсенділігі кезеңінде отбасы құрып, балалы болуды жоспарлаған шақта  зақымдану басымдығы. Ойық жаралы колит және Крон ауруларының жиілеуі Ұлыбритания, Швеция, Ирландия, Дания елдерінде жүргізілген бақылау зерттеулерінің қорытындыларымен расталып отыр, дәлірек айтқанда ойық жаралы колит және Крон ауруы соңғы он жылдың ішінде 3 есе артты және 100000  тұрғынға шаққанда 225-ке жетті.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді