Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

ЭНДОСКОПИЯ БӨЛІМШЕСІ

XX және XXI ғасыр гастроэнтерология мен хирургиядағы елеулі прогрессті белгілейді, оның дамуы диагностиканың жаңа әдісі – эндоскопиясыз мүмкін емес. 

ЭНДОСКОПИЯ – бұл арнайы аспаптар – эндоскоптардың көмегімен ішкі ағзаларды зерттеу әдісі.  "Эндоскопия" термині екі грек сөзінен шыққан (endon – ішінде және skopeo – қарап жатырмын, зерттеп жатырмын). Осы әдіс диагностикалық және емдік мақсаттарда хирургияда, гастроэнтерологияда, пульмонологияда, урологияда, гинекология мен басқа да медицина салаларында кең қолданылады. 

Бөлімше эндоскопиялық диагностиканы, асқазан – ішек жолдарының патологиясы мен бронхоөкпелік жүйені емдеуін, жоспарлы және шұғыл тәртіпте эндоскопиялық операциялық әрекеттерді орындайды. Бөлімше ұжымын дүние жүзінің жетекші елдерінде машықтанудан өткен тәжірибелі, білікті мамандар құрайды.

Бөлімшеде «Olympus» (Жапония) компаниясының заманауи бейнетаспалы эндоскопия жабдығының толық жиынтығы бар, стандартты эндоскопиялық аппаратурадан ерекшеленетіні, бейнетаспалы мониторингтеумен асқазан – ішек жолдарын және бронхоөкпелік жүйені зерттеу үшін оның зерттелінетін объектілерді 100-еселі көбейту мүмкіндігі бар. Сондай-ақ бөлімшеде онкологиялық ауруларды ертерек  анықтау үшін асқазан – ішек жолдары мен жоғарғы тыныс жолдарының эндосонографиясы сияқты Қазақстандағы бірегей тексеру жүргізіледі.

Бөлімшеде келесі эндоскопиялық зерттеулер мен емшаралар орындалады:

  • гастроэнтерология, пульмонологиядағы диагностикалық және емдік эндоскопия;
  • эндоскопиялық операциялық әрекеттер (биопсияны алу, полипэктомия, папиллосфинктеротомия, қан кетуді тоқтату, бөгде заттарды алу және басқасы);
  • холангио-панкреато-дуаденальды аумақты рентгенологиялық тексеру;

Эндоскоптарды өңдеу үшін, эндоскоптарды тазарту мен зарарсыздандырудың автоматтандырылған жүйесімен «Olympus OER-AW» автоматты жуу машиналары қолданылады, ол зерттеулерді жүргізу уақытында пациенттердің жұқтыру мүмкіндігін кепілді жояды (геликобактер, гепатит, АИТВ-жұқпасы).

№1 көпбейінді қалалық ауруханада эндобейнескопияны жүргізудің артықшылықтары:

  • Бөлімше HDTV форматындағы (жоғары анықтық теледидары)  жаңа заманауи бейнежабдықпен жабдықталған, ол асқазанның сілемейлі қабығының анық, үлкейтілген бейнесуреттерін алумен қамтамасыз етеді және де бейнежазба мүмкіндігімен сапалы диагностиканы орындауға мүмкіндік береді.     
  • Күрделі рентгенэндоскопиялық тексерулерді жүргізу мүмкіндігі.
  • Қосымша тексерулерді жүргізу мүмкіндігі: Helicobakter тестілеу, цитологияға және гистологияға зерттеулер.
  • Күрделі эндоскопиялық емдік және реконструкциялық шараларды орындау мүмкіндігі.
  • Зерттеулер мен манипуляциялар пациенттің қалауынша жергілікті анестезия немесе жалпы наркоз арқасында жүргізіледі.
  •  

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

       +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

+7 7172 27 20 21 – Эндоскопия бөлімшесі

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Эндоскопия бөлімшесі, 1-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді