Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЕМІ ОРТАЛЫҒЫ

Оңалту – бұл сырқаттың, жарақаттың немесе физикалық, химиялық және әлеуметтік факторлардың әсерінен бұзылған денсаулықты, функционалдық күй мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру.

Оңалтудың мақсаты — науқастар мен мүгедектерді тұрмыстық және еңбек процесстеріне, қоғамға тиімді және тез арада қайтару; адамның жеке басының қасиеттерін қалпына келтіру, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, біртіндеп қалпына келтіру мақсаты қойылады немесе бұзылған не жойылған функцияны өтеу және қандай жағдай болмасын – аурудың шырқатылуын баяулату. Оларға қол жеткізу үшін емдік қалпына келтіру құралдарының кешені қолданылады, олардың ішінде мейлінше сауықтыру әсері бар келесілері болып табылады: физикалық жаттығулар, емдеудің физикалық әдістері, массаждың әртүрлілігі, жаттығу құрылғыларында шұғылдану, сонымен қатар ортопедиялық құралдар, еңбек терапиясы, логопедпен жұмыс.       

Біздің орталықта нәтижелі емдеу және инновациялық әдістерді қолдану үшін қажетті барлық жабдықтар арсеналы бар физиотерапевт дәрігерлері, реабилитолог дәрігерлері, инемен емдеу дәрігері, мануалдық терапевт, эрготерапевт, логопед, білікті мейіргерлер өз қызметтерін көрсетеді.                      Біз қазіргі жоғары технологиялы және кейде бірегей аппаратураны қолданамыз, оның көмегімен біздің емдеу курстары жүргізіледі. 

Медициналық оңалту және қалпына келтіру емі орталығы қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетеді.

Бөлімшенің қызметтер тізімі:

  • УЖЖ емдеу
  • ультрадыбыспен емдеу
  • лазермен емдеу
  • магнитпен емдеудің кең түр-түрі, соның ішінде жалпы әсер ететін 
  • электр жарығымен емдеу шараларының толық жиынтығы  (гальванизация, электрофорез, ДДТ тоқтары, Тенс, Орысша стимуляция жасау және т.б.; «Биопротон»)
  • жылумен емдеу (парафин аппликациялары) 
  • омыртқа бағанасын құрғақ тартып созу 
  • ингаляциямен емдеу
  • пресспен емдеу (қол-аяқты сығылған ауамен массаждауға арналған бүгінгі күнге өте сай құрылғы)          
  • қол массажы
  • Су-Джок әдіснамасы бойынша рефлексотерапия
  • ЕДК 
  • Шарко душы
  • Гидромассаж ваннасы
  • 4 каналды сулы электрофорез
  • адамды жаңадан жүруге үйрететін, «Локомат» бірегей жаттығу құрылғысында оңалту емі. Инсульттің ауыр зардаптарын емдеудегі инновациялық серпіліс.      
  • «Баланс-тренажерде» жаттығу – түрлі аурулар кезінде баланс пен тұрақтылықты жаттықтыруға арналған механикалық платформа (шашыраңқы склероз, Паркинсон ауруы және т.б.). Қаладағы жалғыз, әлемдік жаңа өнім.

Физиотерапия – бұл емдеу және алдын алу мақсатында физикалық факторларды қолданатын медицина саласы. 

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

       +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Медициналық оңалту және қалпына келтіру емі орталығы, 1-ші және 2-ші қабат қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді