Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ, РЕАНИМАЦИЯ, ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ  ЖӘНЕ ГИПЕРБАРИЯЛЫҚ ОКСИГЕНАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ (АРҚТ және ГБОБ)

Плазмаферез – грек сөзі, «плазма» — қан, «аферез» — жою, алу деп аударылады.

Бұл қандай емшара және ол не үшін керек?

Бұл емдік мақсатымен қанның-плазманың сұйық бөлігін жоюға негізделген, қанды тазартудың аз жарақаттық және қауіпсіздігі жоғары заманауи әдіс.  

Организмнен тыс қанды тазартудың осы емшарасы қанды алу мен плазманы бөлуден тұрады, осыдан кейін қанның тазартылған бөлігі қайта қанағымына қайтады.      

Плазманы алу әдісіне байланысты аппараттық, центрифугалық, мембраналық және седиментациялық (тұндыру) плазмаферездерді бөледі.

Плазмаферез емшаралары қан құрамындағы эндогенді және экзогенді уыттарды, циркуляциялайтын иммундық комплекстерді, аллергендерді, антиденелерді, холестеринді, қанның тұтқырлық факторларын және т.б. жоюға немесе азайтуға мүмкіндік береді.

Процесс қалай өтеді және ол үшін қанша уақыт керек?

Плазмаферез центрифугалық аппараттың көмегімен жүргізіледі. Емшара кезінде панциенттің гепатит пен АҚТҚ жұқтыру мүмкіндігі жойылады, себебі мамандандырылған зарарсыздандырылған бір реттік материалдар қолданылады.      

Плазмаферез барысында организмнен қанның бір бөлігі жүйеге, сауытқа, гемо-контейнерге алынады, ол содан соң плазма мен формалық элементтерге: қан жасушаларына – эритроциттерге (қызыл қанды денешіктер), лейкоциттерге (ақ қанды денешіктер), тромбоциттерге (қанның ұю процессінде қатысатын жасушалар) бөлінеді.    

Ем жеке таңдап алынады. Емшара ұзақтығы шамамен 40-60 минут. Емшара аралығында эфферентолог дәрігері пациенттің жағдайын, артериялық қысым мен пульстің деңгейін бақылауын жүргізеді. Осындай емшараны жылына 2 рет 3-5 сеанстан өту ұсынылған.

Кім қан тазартуды қажетсінеді?

  • Аллергиялық аурулары бар адамдар: жіті және созылмалы есекжем, Квинке ісінуі, маусымдық полинноз, аллергиялық дерматиттер, бронх демікпесі;
  • тері аурулары: экзема, аллергиялық дерматит, псориаз және т.б.;
  • заттектер алмасуының бұзылыстары: гиперхолестеринемия, липидтердің, подаграның, порфирияның және т.б. алмасу бұзылыстарының басқа түрлері;
  • орталық нерв жүйесі мен перифериялық нервтердің аутоиммундық аурулары:  Гийена-Барре синдромы, жіті қабынбалы демиелиндейтін полиневропатия, созылмалы қабынбалы демиелиндейтін полиневропатия, миастения, шашыраңқы склероз және т.б.;
  • дәрілік препараттар дозасының асып кетуі; 
  • алкогольден улануды, бас жазу синдромын алу.

Плазмаферез қарсы көрсетілген, кімде:

  • гемоглобин 90 г/л кем төмендеуімен созылмалы теміртапшылықты анемия; 
  • нәруыз-синтетикалық функциясының төмендеуімен бауырдың ауыр зақымдары (жалпы нәруыз 60 г/л кем);
  • онкологиялық аурулар, егер плазмаферез оперативті емдеуге дайындау кезеңі болып қарастырылмаса; 
  • ісіну синдром;
  • өршу кезеңіндегі ойықжара ауруы;
  • перифериялық веналарға қол жетпестік, құрылым аномалиялары, дәрі жіберуден кейінгі зақымданулар; 
  • жіті кезеңдегі жүрек-қантамырлық жүйесінің патологиясы (миокард инфаркты 6 айдан кем мерізімінің өтуімен);
  • ұзақ қан кету;
  • қанның ұю жүйесінің бұзылыстары бар.

Оң нәтижені қашан күту?

Оң нәтиже емдеу курсы аяқталған соң бірден байқалады. Оған ауру табиғаты, жасы, организмнің жалпы жағдайы мен қабылданатын дәрілер мөлшері себеп болады.   

Емшараға дайындалу қажет пе?

Емшараны жүргізуіне арнайы дайындық қажет емес. Емшара алдында міндетті түрде тамақ жеп келу керек. 

Емдеу курсы уақытында алкогольді, есірткі мен уытты препараттарды қолдану толығымен алып тасталады.  

Қандай зертханалық зерттеулерден өту қажет?

  1. жалпы қан анализі + тромбоциттер+ гематокрит
  2. қанның биохимиялық анализі (жалпы нәруыз, альбумин, креатинин, АЛТ, АСТ, жалпы және тура билирубин)
  3. коагулограмма (ПВ-МНО), фибриноген, АЧТВ)
  4. жеке ерекшеліктер кезінде – зерттеудің қосымша нәтижелері мен емдеуші дәрігерден жолдама. 
  5. В,С вирустық гепатиттерінің, АИТВ маркерлері

Емді қай жерден алуға болады?

Қанды тазарту емшарасын Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК-да өтуге болады. Қошқарбаев даңғылы, 66.

Гипербариялық оксигенация (ГБО) — бұл барокамераларда (бароаппараттарда) жоғары қысымда оттегімен емдеу. Аталмыш әдіс сүйенетін принцип танымал физиологиялық механизмдер бойынша тіндерде газдарды таратуды және сіңіруді реттейтін физика заңымен байланысты болып келеді.

ГБО-терапия келесі патологияларда өте тиімді:

  • Тамырлы патология: аяқ-қол тамырларының тарылу аурулары, қан айналымының бұзылуы нәтижесінде трофикалық жаралар, тамырлардың газды эмболиясы және басқалар.  
  • Жүрек патологиясы: жүректің ишемиялық ауруының аритмиялық нұсқасы (ЖИА), стенокардия, аритмия, экстрасистолия, жүрек жеткіліксіздігі, инфарктан кейінгі жағдайдың декомпенсациясы, жүрек гликозидтерінен улануы, өкпе-жүректік жеткіліксіздігі және басқалар.
  • Асқазан-ішек жолдарының патологиясы: асқазан мен ұлтабардың ойықжара ауруы, асқазаннан қан кетуден кейінгі постгеморрагиялық синдром, ішек ауруы.
  • Бауыр патологиясы: жіті гепатит, созылмалы гепатит, бауыр циррозы, бауыр функциясының жеткіліксіздігі. 
  • Орталық және нерв жүйесінің патологиясы: ишемиялық инсульт, бас пен мидың жарақаты, энцефалопатия, ми жұлынының жарақаты.
  • Улану: көміртек тотығымен, метгемоглобин түзуші заттармен, цианидпен улану.
  • Көз патологиясы: көз торының қан айналымының бұзылуы, диабеттік ретинопатия, метил спиртімен улану кезінде көру нервісінің дистрофиясы.
  • Эндокриндік жүйесінің патологиясы: декомпенсацияланған  инсулинге тәуелді диабет, диабеттің асқынуы, диффузиялық-уытты зоб.
  • Жақсүйек-бет патологиясы: пародонтоз, некроздық гингивит пен стоматит, пластикалық операциялардан кейінгі жазылу.
  • Акушерлік патология: іштегі нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы, түсік тастау қауіпі, іштегі нәрестенің гипотрофиясы, иммундық даулы жүктілік, ілеспе патология кезіндегі жүктілік, әйелдердегі эндокриндік жүйесінің патологиясы, әртүрлі этиология бедеулігі.
  • Жаңа туған нәресте патологиясы: босану кезіндегі асфиксия, ми қан айналымының бұзылуы, жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы, ойықжара-некроздық энтероколит.
  • Жарақат патологиясы: жарақат инфекциясын алдын алу, баяу ұсақталған жарақаттар,  күйіктік жарақат беттері, үсу, пластикалық хирургиядағы операциядан кейінгі жарақаттар және басқалар. 
  • Кессон аурулары, ауа және газды эмболия.
  • Простатит, әйелдердің кіші жамбас органдарының созылмалы қабынба аурулары.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия және гипербариялық оксигенация бөлімшесі (АРҚТ және ГБОБ)

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді