Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

НЕФРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІ

Нефрология (грекше nephros бүйрек + logos оқу) – бұл бүйрек ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникалық білінулерді зерттейтін және оларды диагнотикалаудың, емдеу мен алдын алудың әдістерін жетілдіретін ішкі аурулар бөлімі. 

№1 көпбейінді қалалық аурухананың нефрология бөлімшесі 34 төсек-орынға арналған, өз қызметін 2004 жылдан бастап жүзеге асырады және Астана қаласының жалғыз ғана нефрология бөлімшесі болып келеді. Бөлімшеде терапиялық төсек-орындар бар, қызметтер ТМККК, МӘМС шеңберінде, сондай-ақ шаруашылық есеп негізде көрсетіледі. Шарттық және шаруашылық есеп пациенттері үшін бір орынды және екі орынды VIP палата бар. Барлық жылдар ішінде біздің бөлімшеміздің мақсаты нефрологиялық және терапиялық пациенттерге шұғыл және жоспарлы тәртіпте жоғары білікті көмек көрсету болды.

Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:

  • ең бастапқы (жіті және созылмалы гломерулонефрит) және екінші реттегі гломерулалық және гломерулалық емес, туа біткен және тұқым қуалаған бүйрек ауруларымен пациенттерді диагностикалау мен емдеу;
  • жіті және созылмалы пиелонефритпен пациенттерді диагностикалау мен емдеу;  
  • жіті және созылмалы нефропатиялармен пациенттерді диагностикалау мен емдеу; (диабеттік нефропатия, уратты нефропатия және басқалар);
  • дәнекер тіннің жүйелі аурулары, жүйелі васкулиттер кезінде гломерулалық зақымданулармен пациенттерді диагностикалау мен емдеу; 
  • екінші реттегі артериялық гипертензиямен пациенттерді бақылауын жүргізу;
  • бүйрек трансплантациясынан кейін, трансплантациядан кейінгі нефропатиямен пациенттерді бақылауын жүргізу;    
  • бүйрек патологиясымен жүкті әйелдерді бақылауын жүргізу;   
  • диализалды кезеңінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерді диагностикалау мен емдеу; 
  • алғашқы остеоартозбен, подагралық артритпен, реактивті артритпен пациенттерді диагностикалау, емдеу;
  • подагра;
  • эссенциалды артериялық гипертензия;
  • эндокриндік жүйесінің аурулары (диабеттік нефропатия).

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы жоспарлы емдеуге жатқызу сұрақтары бойынша

       +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультациялық-диагностикалық қызметтер 

+7 7172 40 41 73 – Нефрология және терапия бөлімшесі

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Нефрология және терапия бөлімшесі, 5-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді