Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

«№1 көпбейінді қалалық аурухана» сайтына қош келдіңіздер! Біздің бөлімше жоғары технологиялы нейрохирургиялық көмекті көрсету үшін құрылған. 

Бөлімше 12 (бюджеттік) және 2 (ақылы) төсек-орынға есептелген. Пациенттер үшін жайлы жағдайлар жасалған: бір және екі орынды палаталар, олардың әрбіреуінде себезгі, санитарлық торап, жазу үстелі, киімге арналған шкафтар бар. Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, МӘМС шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі. 

Біздің бөлімше орталық және перифериялық нерв жүйесінің патологиясымен, дегенерациялық аурулар мен омыртқа бағанасы жарақаттарының зардаптарымен пациенттерге жоғары технологиялы медициналық көмекті көрсетеді. Ми мен жұлын ауруларын диагностикалаудың барлық спектрі жүргізіледі, оларға селективті ангиография, ультрадыбыстық зерттеу, МРТ және МСКТ – ангиография сияқты әдістер кіреді. Бөлімше мамандары Ресейдің, Германияның, Францияның, Жапонияның, Аустрияның, Оңтүстік Кореяның клиникаларында тағылымдамадан өткен. Операциялық әрекеттер жоғары технологиялы әдістерді, шағын инвазиялық техниканы пайдалануымен жасалады. Нейрохирургиялық операция жасау бөлмесі жоғары технологиялы жабдықпен жабдықталған: операциялық микроскоп OPMI PENTERO 900, нейронавигация, электрондық оптикалық түрлендіргіш, радиожиілікті генератор.

№1 көпбейінді қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесі қызметінің негізгі бағыттары:

  • инсульт: бассүйек ішіне, ми ішіне, қарынша ішіне қан құйылу, ишемиялық инсульт;
  • ми, жұлын тамырларының патологиясын ашық хирургиялық емдеу (аневризманы клиппирлеу, күретамыр-көктамырлық мальофармацияны кесіп алып тастау, үңгірлі  ангиоманы алып тастау);
  • ми, жұлын тамырларының патологиясын (аневризманы, күретамыр-көктамырлық мальофармацияны, гиперваскуляризацияланған ісіктерді, ми тамырларының стеноздық зақымын) эндоваскулярлық емдеу;
  • басының, мойынның экстра және интракраниалды окклюзиялаушы және стеноздаушы тамырлы зақымдары; 
  • бас-ми жарақаты;
  • үш тармақты жүйкенің невралгиясы (радиожиілікті абляция, үш тармақты жүйкенің микроваскулярлы декомпрессиясы); 
  • гемифациалды түйілу (бет жүйкесінің микроваскулярлы декомпрессиясы); 
  • омыртқаның дегенеративті аурулары (микродискэктомия, кейдж жүйелерін орнату, транспедикулярлы бекіту);
  • омыртқа мен жұлын жарақаты;
  • омыртқаның ауырсыну синдромдары кезіндегі радиожиілікті термодеструкция (абляция); 
  • мидың супра- және –субтенториалды құрылымдары;
  • омыртқаның асқынбаған сынығы, олардың зардаптары, омыртқаның боркемігі мен ісіктері кезіндегі тері арқылы вертебропластика;
  • нейронавигация арқасында омыртқаның онкологиялық аурулары кезіндегі биопсия;
  • бассүйекішілік қысымның бергішін орнату және бассүйекішілік қысым нейромониторингі;
  • перифериялық нерв жүйесінің аурулары және жарақаттарының зардаптары;
  • бассүйек күмбезі сүйектерінің пострепанациялық кемістіктері.

Диагностикалық мүмкіндіктер:

  • мультиспиральді компъютерлік томоангиография (МСКТА)
  • магнитті-резонансты томография (МРТ)
  • магнитті-резонансты ангиография (МРА)
  • церебральді, жұлындық ангиография
  • рентгенография
  • ультрадыбыстық допплерография (үш қабатты сканерлеу)

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы емдеуге жатқызу сұрақтары бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультациялық-диагностикалық қызметтер

+7 7172 27 20 56 – Нейрохирургия бөлімшесі

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Нейрохирургия бөлімшесі, 5-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді