Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

ПОЛИТРАВМА ЖӘНЕ ЭНДОПРОТЕЗДЕУ БӨЛІМШЕСІ

Политравма – бұл мамандандырылған емді қажет ететін, екі және одан да көп зақымдардың жиынтығы. Емдеу түрі әр зақымдардың ішіндегі ерекшелігіне және олардың зақымданғанның организміне өзара әсер етуіне байланысты болады. Осы жарақаттардың өмір үшін жоғары қауіптілігі бар және жиі өліммен аяқталады. Сондықтан жарақат алғаннан кейін ең қысқа мерзімде зақымданғанды тиісті емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Политравма бөлімшесіне емдеуге жатқызу үшін негізгі симптомдар:

  • Жарақаттық шок 
  • Қансырау
  • Айқындалған ауырсыну синдромы 
  • Естен тану 
  • Тыныс алу функциялары мен басқа өмірлік маңызды функцияларының бұзылуы.

Политравма бөлімшесі шұғыл және жоспарлы тәртіпте пациенттерді оңалту үшін заманауи технологияларды қолдануымен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Пациенттерге қызмет көрсетуіне жақын және алыс шетелдерде жыл сайын біліктілігін арттыратын дәрігерлердің көп жылдық тәжірибесі, медицина саласындағы соңғы жетістіктер және заманауи жабдықтар. Дәрігерлер политравмамен пациенттерді емдеуде заманауи тәсілдерін қолдануымен АҚШ-ры мен Еуропаның жетекші клиникаларында 031 бағдарлама бойынша оқудан өткен.          

Бөлімше дәрігерлерімен тиімді және қысқа мерзімде пациенттерді белсенділендіруге және өмір сапасын едәуір жақсартатын, емді амбулаториялық жалғастыруға мүмкіндік беретін, заманауи халықаралық стандарттар бойынша зақымданғандарды емдеу жүзеге асырылады. Бөлімше әдістемелерінің арсеналында – импорттық өндіріс импланттарымен тірек-қимыл аппараты сүйек сынықтарының заманауи тұрақты, шағын инвазиялық остеосинтезі. Бөлімше қызметкерлері сондай-ақ Қазазақстан Республикасының түрлі аймақтарында зақымданғандарға көмек көрсетеді және Республикалық Санитарлық авиация орталығының жәрдемімен жамбас пен омыртқа бағанасы сүйектерінің сынықтарымен ең күрделі пациенттерді  операциялық емге тасымалдайды.

БӨЛІМШЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • Шағын инвазиялық технологияларды қолдануымен жамбас сүйектерінің сынықтары кезіндегі операциялар.  
  • Ұршық ойығының құрама және оқшауланған сынықтары кезіндегі ашық операциялар; 
  • Транспедикулярлық жүйелер мен кейджейлерді қолдануымен омыртқа бағанасының асқынбаған сынықтары кезіндегі операциялар.
  • Сүйекішілік және сүйек үсті бұғаттайтын конструкцияларды қолдануымен қолдың ұзын және қысқа сүйектерінің сынықтары кезіндегі операциялар; 
  • Тізебуынды, ұршықбуынды, иық және шынтақ буындарды эндопротездеу;
  • Сіңірлерді қалпына келтіру және жарақат зардаптарын емдеу; 
  • Табан деформациясын емдеу (көлдеңен майтабан).

Емдеуге жататын негізгі патологиялар:

  • Жанамалас және көптеген жарақатпен пациенттер;
  • Ауыр сынықтар алған, буын шығып кеткен, жұмсақ тіндерді, ішкі ағзаларды (бас-ми жарақаттары, кеуде мен ішперде қуысының, омыртқа бағанасы мен жамбас жарақаттары) зақымдаған пациенттер; 
  • Ортопедиялық аурулар (тірек-қимыл жүйесінің жүре пайда болған деформациялары, жарақат зардаптары).

Қазіргі заманда травматология мен ортопедияның рөлі тапжылмай өсуде. Миллиондаған адамдардың жыл сайын қайтыс болу мен жарақат алу себебі автокөлік апаттары және өндіріс пен тұрмыстағы жазатайым оқиғалар болып табылады. Жарақат зардаптары пациенттің ұзақ уақыт еңбекке қабілетсіздігімен және оның өмір сапасының анағұрлым нашарлауымен сипатталады.     

№1 көпбейінді қалалық аурухананың эндопротездеу бөлімшесінде ұршықбуынды, тізебуынды, иық және шынтақ буындарды эндопротездеу сияқты, ірі буындардың жарақаты мен аурулардың зардаптары бар пациенттерге операция жүргізіледі. Алғашқы рет Қазақстан Республикасы мен Орта Азияда гемофилия кезінде ірі буындарды эндопротездеу енгізілген, осындай тәжірибе бола тұрып Қазақстан ТМД екінші және дүние жүзінде алтыншы ел болып табылады. Бөлімше ортопедтері тізебуынның зақымдары кезіндегі шағын инвазиялық  артроскопиялық техниканы меңгерген. 

АҚШ, Еуропа мен Қытайдың жетекші клиникалары мен орталықтарында оқудан өткен бөлімшенің жетекші мамандары Қазақстан Республикасының халқына тірек-қимыл жүйесінің жарақаттарымен және ауруларымен пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Политрава және эндопротездеу бөлімшесіндегі емдеудің инновациялық технологиялары:

  • Ұршықбуын мен тізебуынды эндопротездеу;
  • Иық және шынтақ буындарды эндопротездеу; 
  • Тізебуындағы, ұршықбуын мен иық буынындағы артроскопия мен реконструктивті-қалпына келтіру операциялары (менискілердің, айқыш байламдардың үзілуі, тізетобықтың үйреншікті буын шығып кетуі);

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

+7 7172 27 20 52 – Политравма және эндопротездеу бөлімшесі 

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Политравма және эндопротездеу орталығы, 3-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді