Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

ШҰҒЫЛ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Шұғыл хирургия бөлімшесі жаңа технологияларды тартуымен, ең заманауи деңгейде асқазан-ішек жолдары ауруларымен науқастарды емсдеумен айналысады.   

Бөлімшеде жоғары жайлылықты 2 орынды палаталарда орналастырылған 30 төсек-орын бар. Шарттық және шауаршылық есеп пациенттері үшін бір орынды VIP-палата бар. 

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі. Жоғары технологиялы медициналық қызметтер (ЖТМҚ), 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 920 ЖТМҚ бекітілген тізбесіне сәйкес тегін көрсетіледі. Бұдан басқа, астана тұрғындарына қызметтер қатары Астана қаласының Денсаулық сақтау департаментінің қалалық тапсырысы шеңберінде көрсетілуі мүмкін. Пациенттердің қалауынша мамандандырылған көмек ақылы негізде көрсетілуі мүмкін. 

Бөлімше қызметкерлері ішперде қуысының аурулары кезінде шұғыл, сондай-ақ жоспарлы хирургиялық көмек көрсетеді. 

Шұғыл хирургия бөлімшесінде келесі ауруларды диагностикалау мен емдеу жүргізіледі:

  1. Өңеш ауруларын:

    • кардиоспазм, кардия ахалазиясы
    • көгеттің өңештік тесігінің жарығы 
    • түрлі этиологиядағы өңештің түйнелісі (бітелісі)
    • операция жасалған өңеш пен асқазан аурулары
    • өңеш дивертикулдары
  2. Қалқаншабез және қалқансерікбез ауруларын:

    • эутиреоз, гиперпаратиреоз жағдайында қалқаншабездің түйінді және диффузиялы зақымданулары
  3. Көкет ауруларын:

    • көгеттің жарығы
  4. Асқазан және ұлтабар ауруларын:

    • асқазан және ұлтабардың ойықжара ауруы
    • асқазан және ұлтабардың ойықжара ауруының асқынулары
    • гастроэзофагеальді рефлюксті ауру  
    • асқазанға операция жасағаннан кейінгі аурулар
  5. Өттас ауруларын және оның асқынуларын:

    • операциялар лапароскопиялық және де дәстүрлі түрде жүргізіледі
  6. Бауыр ауруларын:

    • бауыр эхинококкозы
    • бауыр гемангиомалары
  7. Ұйқыбез ауруларын:

    • вирсунголитиаз
    • жіті панкреатит
    • псевдотуморозды панкреатит
    • ұйқыбез жылауығы
  8. Әр түрлі орналасқан жарықтар (көрсетімдер бойынша аллопластика жүргізіледі  – «тор салынады»):

    • шап жарықтары
    • құрсақ жарықтары
    • операциядан кейінгі жарықтар
    • қайталанған операциядан кейінгі жарықтар
  9. Орындалатын эндоскопиялық операциялар:

    • жіті және асқынған аппендициттер кезіндегі аппендэктомиялар
    • жіті холециститтер кезіндегі  холецистэктомиялар 
    • перфоративті ойықжараларды тігу
    • өңеш ахалазиясы кезінде Геллер бойынша лапароскопиялық эзофагокардиомиотомия 
    • көгеттің өңештік тесігінің жарықтары кезінде лапароскопиялық фундопликация 
    • болуы мүмкін биопсиямен диагностикалық лапароскопия
    • перфоративті ойықжараларды тігу
    • ішінара жабыспалы ішек түйнелісі кезінде
    • лапароскопиялық герниопластика
    • торакоскопиялық тимомэктомия

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

+7 7172 40 34 80 – Шұғыл хирургия бөлімшесі

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Шұғыл хирургия бөлімшесі, 3-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді