Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

ТРАНСФУЗИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Трансфузиология – қан компоненттері мен препараттарын құю туралы ғылым және заманауи медицинаның ажырамас бөлімі болып табылады.

Трансфузиология бөлімшесінің негізгі міндеттері төмендегілер болып келеді:

  • қан компоненттері мен препараттарын қауіпсіз және тиісті қолдану;
  • донорлық қан компоненттері мен препараттарын қолдануды бағалау және мониторинг жүргізу арқылы трансфузиялық терапияның сапасын басқару; 
  • қан компоненттері мен препараттарын қолданудың максималды жеделдігін, қауіпсіздігі мен негізділігін қамтамасыз ету;  
  • дәлелді негізде қан және оның компоненттерін құю.

Трансфузиология бөлімшесі қызметкерлерінің құзыретіне төмендегілер жатады:

  • қан компоненттері мен препараттарын клиникалық қолдану; 
  • донор мен реципиент қанының иммунологиялық қауіпсіздігін зертханалық қамтамасыз ету; 
  • интраоперациялық аппараттық реинфузияны қамтамасыз ету;
  • донорлық компоненттер мен қан препараттарының азайтылмайтын резервтік қорын қамтамасыз ету; 
  • трансфузиялық терапияны жүргізуге қатысатын қызметкерлерді үздіксіз оқыту; 
  • трансфузиялық терапияның және трансфузиядан кейінгі барлық асқынулардың тиімділігін бақылау;
  • қан компоненттерін сақтаудың, тасымалдаудың және құюға дайындықтың барлық кезеңдерінде «суық тізбекті» қамтамасыз ету.

Бөлімше Германия, Италия, АҚШ, Латвия секілді әлемнің жетекші өндірушілерінің аллогенді және аутологиялық қан мен оның компоненттерін сақтау, жылыту, еріту және кері құюға арналған заманауи, мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған.

Трансфузиология бөлімшесінің зертханасы жыл сайын Республикалық Реферанс зертханасында сертификаттаудан өтеді. Ол Кумбс сынамасын тікелей және жанама микроколонна әдісімен анықтаудың әлем мойындаған Халықаралық стандартымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жабдықтармен және реагенттермен жабдықталған, бұл пациенттердің қанындағы эритроциттерге қарсы антиденелерді барынша дәл анықтауға және донорлық компоненттердің иммунологиялық сәйкессіздігін алдын алуға мүмкіндік береді. 

Трансфузиология бөлімшесінің қызметкерлері жыл сайын жоспарлы және шұғыл түрде келіп түсетін хирургиялық және терапиялық бөлімшелердің пациенттерін шамамен 30000 иммуногематологиялық зерттеулермен және 10000 қан құюмен қамтамасыз етеді.

Бөлімшенің тәулік бойғы жұмысы және сақталған донорлық компоненттердің дұрыс ұйымдастырылуы және сақталуы пациенттерге стандартты ғана емес, сонымен қатар қан тобы мен резус тиістілігі бойынша сирек кездесетін қан компоненттері мен препараттарды алуға мүмкіндік береді. 

Бөлімшенің ұйымдасқан жедел жұмысының арқасында көптеген адам өмірі құтқарылды.

Бөлімшенің жетекші мамандары клиникалық, сондай-ақ өндірістік трансфузиологияда клиникалық тәжірибеге бай. Сонымен қатар, олар реаниматология және қарқынды терапия бойынша аралас мамандықтарға ие, жыл сайын жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында оқудан өтеді.

Бөлімше тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде,   сондай-ақ ақылы негізде қызмет көрсетеді.

Консультациялық – диагностикалық қызметтердің тізімі.

  • трансфузиолог дәрігерінің консультациясы;
  • тікелей және айқыш әдіспен топтық және резус қатыстылығын анықтау;
  • эритроциттерге қарсы антиденелерді анықтау;
  • тікелей глобулинге қарсы тест (тікелей Кумбса);
  • жанама глобулинге қарсы тест (жанама Кумбса);
  • эритроциттерге қарсы антиденелердің титрін анықтау.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

       +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК

Трансфузиология бөлімшесі (6-блок, 2-ші қабат).

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді