Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

ЖОСПАРЛЫ ЖӘНЕ РЕКОНСТРУКТИВТІ-ПЛАСТИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШІСІ 

№1 көпбейінді қалалық аурухананың жоспарлы және реконструктивті-пластикалық хирургия бөлімшесі 20 төсек-орынға арналған, қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық жабдықпен жасақталған. 

Бөлімше қызметінің негізі – бауырдың, өт жолдары мен ұйқыбезінің, эндокриндік жүйесінің ауруларын диагностикалау және емдеу. Бөлімшенің клиникалық тәжірибесінде науқастарды хирургиялық емдеудің дәстүрлі де, шағын инвазиялық та (эндоскопиялық) әдістері кеңінен қолданылады.   

Бөлімшенің жұмыс істеу мақсаты диагностикалау, емдік-консультациялық көмек және емхана, амбулаториялық-емханалық және ауруханалық консультациялық-диагностикалық орталықтары мен қаланың басқа емдеу-алдын алу мекемелері дәрігерлерінің жолдамасымен операциялық әрекеттерді орындау болып табылады.  

Бөлімшенің жоғары білікті дәрігерлері күрделіліктің түрлі деңгейіндегі хирургиялық әрекеттерді орындайды және ауруханадан шығарғаннан кейін де толық жазылғанға дейін пациенттерге жетекшілік етеді.   

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) тегін көрсетіледі.

Бауыр ауруларын хирургиялық емдеу:

  • Бауыр ісіктері кезінде заманауи технологияларды, қысқыш салу техникасын және басқаны қолдануымен анатомиялық резекциялар жасалынады.  
  • Бауыр гемангиомалары кезінде жаңа әдістерді - рентгенэндоваскулярлық эмболизацияны қолдануымен хирургиялық әрекеттер. 
  • Бауырдың паразиттік ауруларын (эхинококкоз, альвеококкоз), сондай-ақ бауырдың солитарлы жылауығы мен поликистоздарын құрама емдеу.

Өттүтік ауруларын хирургиялық емдеу:

  • Бауырдан тыс өттүтікке лапароскопиялық (қысқа жолмен), эндоскопиялық әрекеттер (ЭРХПГ, ЭПСТ) мен түрлі хирургиялық әрекеттердің (ЧЧХС) барлық спектрі жасалатын, өттас ауруының ең бастапқы және екінші реттегі түрлерімен пациенттер.     
  • Бөлімшенің гепатикохоледохтың жоғары тыртықты тарылыстары кезінде реконструкциялау мен қалпына келтіру әрекеттерінің  (билиодегистивті   анастомоздарды қалыптастырудың прецизиялық әдістерді қолдануымен) үлкен тәжірибесі бар.
  • Бауырдан тыс өттүтіктің қатерлі ісік себебі бойынша дренаждау шағын инвазиялық операциялар жасалынады - ЧЧХС.

Портальді гипертензияны хирургиялық емдеу:

  • Портальді гипертензия кезінде – өңеш пен асқазанның варикоздық кеңейген веналарын лигирлеу және беріштендіру.

Ұйқыбез ауруларын хирургиялық емдеу:

  • Ұйқыбез бен периампулярлық аймақтың ісіктерін құрама емдеу.
  • Созылмалы ең бастапқы және ауырсыну панкреатитін хирургиялық емдеу. 
  • Ұйқыбез жылауығы мен жыланкөзі түріндегі жіті немесе созылмалы панкреатит зардаптарын хирургиялық емдеу.
  • Ұйқыбездің сирек кездесетін ісіктерін хирургиялық емдеу (инсулинмен, цистаденмен және т.б.).

Асқазан мен ұлтабар ауруларын хирургиялық емдеу:

  • Асқазанды резекциялаудың әртүрлі түрлері, соның ішінде асқазан мен ұлтабардың асқынған ойықжаралары кезінде лапароскопиялық.
  • Асқазан-ішек жолдарының ісіктері кезінде (түймешік) эндокопиялық полипэктомия жасалынады.

Жарықты хирургиялық емдеу:

  • Бөлімшеде алдыңғы ішперде қабырғасы мен ішперде қуысының ең бастапқы, екінші реттегі және қайталанған жарығы кезінде операциялық әрекеттер жасалынады (эндоскопиялық техника мен синтетикалық материалдарды қолдануымен дәстүрлі жарықты тігу, Ниссен бойынша лапароскопиялық фундопликациялау).

Эндокриндік хирургия:

  • Қалқанбездің ісіктері кезінде толық тиреоидэктомия, бір жақты  тиреоидэктомия, кистозды-түйінді құрылымдарды радийжиілікті абляциялау, сондай-ақ эндоскопиялық тиреиодэктомия операциялары жасалынады. 
  • Диффузиялы-уытты зоб кезінде қалқанбез тамырларын емдеу-эмболизациялаудың заманауи шағын инвазиялық әдістері жүргізіледі.
  • Бүйрекбез ісіктері кезінде лапароскопиялық адреналэктомия жүргізіледі. 
  • Қалқансерікбездердің ауруы кезінде паратиреоидэктомия жүргізіледі.

Реконструктивті-пластикалық хирургия:

  • Реконструктивті-қалпына келтіру операциялары (жарақаттың, күйіктің, үсу мен аурулардың зардаптары, туа біткен және жүре пайда болған бетінің, дене мен қол-аяқтарының кемістіктері, емқателік аурулардың зардаптары,  трофикалық ойықжараларды, вялогранулирлық жарақаттарды, келоидты тыртық пен қатерсіз ісіктерді хирургиялық емдеу)
  • Фейслифтинг
  • Спейслифтинг
  • Беттің эндоскопиялық лифтингі,
  • Платизмопластика; 
  • Липосакция;
  • Бет пен дененің липофилингі;
  • Блефаропластика;
  • Бетті сайға келтіру хирургиясы (Биш түйірлерін алу)
  • Отопластика;
  • Ринопластика;
  • Түзету маммопластикасы;
  • Абдоминопластика ;
  • Круропластика
  • Мастопексия 
  • Редукциялық маммопластика
  • Хейлопластика
  • Цервикопластика
  • Брахиопластика

Бариатриялық хирургия:

  • Асқазанды лапароскопиялық құйып алу-резекциялау; 
  • Лапароскопиялық гастрошунттау; 

Бұдан басқа, бөлімшеде көкбауырдың түрлі ауруларымен пациенттерге көмек көрсетіледі және ішперде қуысы мен ішперде артындағы кеңістік органдарына басқа да жалпы хирургиялық әрекеттер жасалынады.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ: 

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер 

+7 7172 27 20 14 - Жоспарлы және реконструктивті-пластикалық хирургия бөлімшесі

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Жоспарлы және реконструктивті-пластикалық хирургия бөлімшесі, 3-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді