-- Сұрақ-Жауап Сұрақ-Жауап

 

Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
Медина
Сіздің ауруханаңызда неврология бөлімшесі бар ма? Онда домелинизацияланған ауруымен емделушілер емделе ме?
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе Медина!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!

Домелинизацияланған ауруымен емделушілер біздің стационарда емделеді, бірақ амбулаториялық кезеңде диагноз қойылады, бізге портал бойынша емдеуге жатқызылады.


Абылай
Сәлеметсіз бе! Менің бүйрегімде 10 мм, 2,5 мм тас тапты. Оларды операция жасамай алып тастауға мүмкін бе?
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Абылай!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!

Біздің клиникамызда дистанциялық литотрипсия жасалады. Бұл соққы-толқындық әдіс, ол кезде литотриптермен жасалатын, соққы толқынның әсер етуінен несептік тас ұсақталады. Әдеттегідей операция наркоздың көмегімен жасалады. Операция әдісін таңдау туралы шешім қабылдау үшін Сіздің жағдайыңызда урологтың көзбе-көз кеңесі мақсатты. Ол күн сайын біздің клиникамызда сағат 14:00-ден бастап 16:00-ге дейін жүргізіледі (анықтама орнына жүгіну).


Марат
Мидың сол жақ жартышарындағы көлемді гематома нәтижесінде, жаны мұрнының ұшында тұрған менің тағдырыма оперативті және жоғары кәсіби әрекет көрсеткені үшін Сізге және нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігерлеріне және де бөлімше меңгерушісі Е.Н. Қалиевке үлкен рақметімді айтамын. Сондай-ақ сіздің көрнекті мекемеңізде маған жасалған шұғыл операцияға қатысқан барлық нейрохирург, анестезиолог, реаниматолог дәрігерлерінің біліктілігі мен қайырымдылығы үшін тағзым етемін.
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе құрметті Марат!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге және пікіріңізге рақметімізді айтамыз. №1 қалалық аурухананың мамандары әрдайым сапалы медициналық көмек көрсетуге дайын. Өйткені біздің ұранымыз – «Ең жақсысы - Сізге». Сізге зор денсаулық тілейміз.


Яна
Сәлеметсіз бе. Менің әкеме тамырларды тазалаудан аяғына операция жасаған. Дәрігерлер операция сәтті өтті деп айтады, бірақ бүгін 5-ші тәулік аяғындағы 3 бақайы қарайып кеткен, аяғы ішкі жағынан ғана жылы, аяқ басы мен аяғының сыртқы жағы мұздай. Дәрігерлер жамбасына дейін отауға көндіріп отыр. Бізге не істеуге болатынын айтаңызшы? Аяқты сақтап қалғымыз келеді және де ол Павлодардан. Оны Сіздерге әкелсек болар ма? Түсінетініңізге үлкен үмітпен қараймыз, жауап күтем. Рақмет.
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Яна!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!

Мүмкін Сіздің әкеңізде реканализацияланған артериялардың немесе имплантация жасалған ұштасымның (протездің) тромбозы дамып, ол аяқ басының гангренасына себепші болды. Қайтадан операция (интервенциялық емшараны) жасау келешексіз болған жағдайларда, аяқты отау көрсетілген, оның деңгейін маман – қан-тамырлар хирургы белгілейді. Әдеттегідей, тіршілік ете алмайтын аяқты отау туралы мәселені кейінге қалдыруға болмайды және ең қысқа уақыт ішінде шешілуі тиісті. Өкінішке орай, осындай науқастарды тасымалдау олардың жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін.


Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді