Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана қаласында Қазақстан неврологтарының I Cъезі өтеді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  2013 жылғы 26 наурыздағы № 183 бұйрығына сәйкес 2013 жылдың  23 қазанынан бастап 25 қазан аралығында Астана қаласында Қазақстан неврологтарының I Съезі, «Неврологияның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Ұйымдастырушылар ҚР Неврологтар қауымдастығы, «Астана Медицина университеті» АҚ, АМУ ФКВ психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасы, Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасы.   

Съездің бірінші күні сағат 10.00-ден бастап 15.00-ге дейін Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі, 66 мекенжайы бойынша орналасқан №1 көпбейінді қалалық ауруханасының конференц-залында болады. Осында Республикада неврологиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша мастер-класстар мен мәжіліс өтетін болады. Конференция жұмысы 23 қазанда сағат 16.00-де Астана қаласы, Сол жақ жағалу, Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 18 (Салтанат аркасы ауданы) мекенжайы бойынша орналасқан ASTANA HOTEL жалғасады. Кейінгі күндері Съезд 2013 жылдың 24-25 қазанында сағат 8.30-дан бастап 18.00-ге дейін ASTANA HOTEL өткізілетін болады.

Съезде модераторлар мен баяндамашылар ретінде Қазақстанның, Алыс және Жақын Шетелдердің жетекші мамандары сөз сөйлейді. Съезд жұмысына балалар мен ересек бейінінің невропатологтары, нейрохирургтар, ангиохирургтар, реабилитологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері, Медициналық жоғары оқу орындардың оқытушылары, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, жалпы тәжірибе дәрігерлері мен кәсіби қызметі нерв жүйесі ауруларын зерттеумен, диагностикалаумен, емдеумен, оңалту мен алдын алумен байланысты басқа да мамандар қатысады.   

Жалпы Съезд тамаша пікірталастық алаң болады, онда барлық Қазақстаннан келген неврология саласындағы мамандар мен Жақын және Алыс Шетел қонақтары кәсіп бағытындағы ауруларды қазіргі заман бойынша диагностикалау мен емдеудегі озық тәжірибемен алмаса алады.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді