Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2013 жылдың 20 қарашасында сағат 14.00-де Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК базасында «Тым кеш емес» ұранымен Дүниежүзілік СОӨА күресу күні өтеді. 

СОӨА – созылмалы обструктивті өкпе ауруы. СОӨА дем алу ағзаларының созылмалы аурулар тобын біріктіреді: созылмалы бронхит пен өкпе эмфиземасы. СОӨА тобының қалыптасу белгісі – бұл баяу күшейетін және тек ішінара қайтымды бронхылық обструкция (тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуы) осының салдарынан темекі түтінінен және басқа зиянды заттектер мен газдардан созылмалы тітіркену. Қазіргі уақытта СОӨА – таралушылығы бойынша төртінші дүние жүзіндегі өлім-жітім себебі. Ауруды алдын алу мен емдеуге қадала қарап көңіл бөлмесе, ДДСҰ-ның болжамы бойынша 2020 жылға қарай СОӨА осы күйінішті тізімде үшінші орынды алуы мүмкін.   

Осы күні елорданың белгілі дәрігер-пульмонологтары «АМУ» АҚ пульмонология кафедрасының профессорларымен және доценттерімен бірлесе пациенттер үшін консультациялар және дәрігерлер үшін дәрістер өткізеді.  

Консультация алуға және дәрісті тыңдауға қызығушылық көрсеткендерге №1 көпбейінді қалалық ауруханаға тегін жол жүру ұйымдастырылған. 

Келесі мекенжайлардан автобустардың жөнелтілу орындары мен уақыты:

1) № 5 қалалық емхана (Ақан-Сері көшесі, 20) сағат 11:30- 12-00;

2) №4 қалалық емхана (Шевченко көшесі (103), 1 үй) сағат 11:00-12:30;

3) № 9 қалалық емхана (Абылайхан даңғылы, 30) сағат 12:30-13:00.

Осы акцияның мақсаты – проблемаға көңіл аудару, ауру жөнінде білгендікті жоғарылату, пациенттерге көмек көрсетуді жақсарту, темекіге тәуелділіктің таралушылығын төмендетуге мүмкіндік туғызу, темекі тартуға қарсы күресуге барлық халық топтарын және барлық мамандық дәрігерлерін тарту, темекі тартуды алдын алу шараларын жүргізу және темекінің денсаулыққа зиянды әсер ететіні жайлы коғамға хабарлау.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді