Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2014 жылдың 23-25 шілде айы аралығында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК базасында «Көкірекорта ағзаларының хирургиясындағы инновациялық технологиялар» тақырыбына арналған Сеул Ұлттық университетінің (Корея Республикасы) жетекші мамандарының қатысуымен торакалды хирургия саласында мастер-класс өтетін болады.

Торакалды хирургия – негізінде көкірек ағзалары - өкпе, өкпеқап, көкірекорта және басқа да ағзалар ауруларын операциялық емдеумен айналысатын медицина бағыты. Торакальды хирургтармен жасалған шағын инвазиялық технологиялар арқасында (бейнеторакоскопия, медиастиноскопия), өкпеге, жүрекке, көкірекортаға операция жасаудың сапалық жаңа мүмкіндіктері пайда болды.    

Сеул Ұлттық университетінің мамандары Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасының хирургтарымен бірлесіп мастер-класс шеңберінде тәжірибелік операциялар қатарын жасайтын болады:  

 1. «Торакоскопиялық тимэктомия»

 2. «Өкпені торакоскопиялық әдіспен резекциялау»

 3. «Өңеш пластикасы»

«Эндобейнеторакоскопиялық тимэктомия» операциясы Қазақстанда алғашқы рет жасалынатынын атап өту қажет.  

Эндобейнеторакоскопиялық тимэктомия – айыршабезді алып тастау мақсатында кеуде қабырғасын тесу арқылы жасалатын операция. Ол осы ағзаның ісіктері, сондай-ақ миастения ауруы кезінде жасалады.

Дәрігерлер инновациялық шешімдерді қолдану және соған сәйкес емделушілер сапалы жоғары технологиялы көмекті тезірек алу үшін, технологиялардың дамуын бақылау және кәсіби тәжірибемен алмасып отыру қажет.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді