Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2014 жылдың 19 қарашасында сағат 14.00-де Астана қаласының  №1 көпбейінді қалалық ауруханасы базасында Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығымен Денсаулық сақтау министрлігімен, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен, Салауатты өмір салты орталығымен және Астана Медицина университетімен бірлесіп «Әлі де кеш емес» ұранымен Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларына қарсы күрес күні өтеді.

СОӨА – созылмалы обструктивті өкпе ауруы. СОӨА дем алу ағзаларының созылмалы аурулар тобын біріктіреді: созылмалы бронхит пен өкпе эмфиземасы. СОӨА тобының қалыптасу белгісі – бұл баяу күшейетін және тек ішінара қайтымды бронхылық обструкция (тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуы) осының салдарынан темекі түтінінен және басқа зиянды заттектер мен газдардан созылмалы тітіркену. Қазіргі уақытта СОӨА – таралушылығы бойынша төртінші дүние жүзіндегі өлім-жітім себебі. Аурудың алдын алуына және емдеуіне қадала қарап көңіл бөлмесе, ДДСҰ-ның болжамы бойынша 2020 жылға қарай СОӨА осы күйінішті тізімде үшінші орынды алуы мүмкін.

Осы күні елорданың белгілі дәрігер-пульмонологтары «АМУ» АҚ пульмонология кафедрасының профессорларымен және доценттерімен бірлесіп пациенттер үшін консультациялар және дәрігерлер үшін дәрістер өткізетін болады.

Консультация алуға және дәрісті тыңдауға тілек білдірушілер үшін №1 көпбейінді қалалық ауруханаға тегін жол жүру ұйымдастырылған.

Келесі мекенжайлардан автобустардың жөнелтілу орындары мен уақыты:

1) № 5 қалалық емхана (Ақан-Сері көшесі, 20) сағат 11:30- 12-00;

2) №4 қалалық емхана (Шевченко көшесі (103), 1 үй) сағат 11:00-12:30;

3) № 9 қалалық емхана (Абылайхан даңғылы, 30) сағат 12:30-13:00;

4) Республикалық диагностикалық орталық (Сығана көшесі, 2) сағат 11:30-12:00.

Осы іс-шараны өткізудің мақсаты ауру, оның себептері, алғашқы белгілері жөнінде білгендікті жоғарылату және медициналық көмекке уақытында келу болып табылады.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді