Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2015 жылғы 05-мамыр күні сағат 15.00-де Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы, респираторлық медицина мамандарының ассоциациясы, Салауатты өмір салты орталығы және астана Медициналық Униыерситетімен бірлесе Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасының пульманология бөлімшесінде (Қошқарбаев көшесі, 66, конференц-зал, 2-қабат) Дүниежүзілік Демікпеге қарсы күрес күніне арналған жыл сайынғы кезекті шара өткізіледі. 

Дүниежүзілік Демікпеге қарсы күрес күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесімен бекітілген және жыл сайын мамыр айының бірінші сейсенбісінде Бронх демікпесі бойынша ғаламдық бастама GINA (Global Initiative for Asthma) қамқорлығымен өткізіледі. Алғаш рет 1998 жылдан бастап 35 мемлекетте аталып өтіп, бронх демікпесі бойынша дүниежүзілік маслихатқа орайластырылды (Барселона, Испания).

Демікпеге қарсы күрес күнінің негізгі міндеті дәрігерлердің, емделушілердің және халықтың осы сырқат туралы хабардарлығы, жұртшылықтың назарын демікпеге қатысты мәселені шешуге жұмылдыру, демікпесі бар емделушілерге көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру болып табылады.

Бронх демікпесі бар емделушілер үшін оқу бағдарламасын және пульманолог мамандардың кеңесін өткізу жоспарлануда, сонымен қатар бастапқы жүйедегі дәрігерлер үшін Демікпе сырқатының диагностикасы және емдеу бойынша қазіргі жетістіктер бойынша сұрақтар  туралы ақпарат 6 сағат көлемін қамтитын сертификат негізінде берілетін болады.

Кеңес алып, дәрісті тыңдаушылар үшін Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасына тегін жол жүру ұйымдастырылған:

1. №5 Қалалық емхана (Ақан-Сері көшесі, 20) сағат 13-00 

2. №4 Қалалық емхана (Шевченко көшесі (103), 1-үй) сағат 13-00 

3. №4 Қалалық емхана (Абылайхан даңғылы, 30) сағат 14-00

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді