Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК (Қошқарбаев даңғылы 66) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мереке атап өтілді

2019 жылдың 13 желтоқсанында Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК сағат 09:00 –де салтанатты іс-шара өтті.

Бірінші желтоқсанда қазақстандықтар біздің еліміздің Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нурсултан Абишевич Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияны қорғауын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз еткен, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып келеді.

16 желтоқсан басты Мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні. Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға қол қойған кезінен бастап осы күн Қазақстан үшін тарихи және ұмытылмас күн болып табылады.   

Алғашқы құттықтау сөздерін № 1 көпбейінді қалалық аурухана директорының м.а. Марат Карсыбекович Абдуов айтты: «№1 көпбейінді аурухананың барлық қызметкерлерін осы ерекше мәні бар мерекелермен құттықтаймын. Елімізге ғана емес, сондай-ақ әр обасыға тұрақтылық, жақын туған-туысқа амандық пен зор денсаулық, бақыт, табыс пен барлық тілектердің іске асырылуын тілеймін». ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан құрмет грамоталарымен Ляззат Наймановна Укубаева және Алия Асылбековна Иманова марапатталған. Кәсіпқойлық үшін «Денсаулық сақтау үздігі» орденімен Канат Сагимбаевич Аушакимов марапатталды.

«ҚР Президенті күні» және «ҚР Тәуелсіздік күні» мерекелеріне орай Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК Кәсіподақ комитеті атынан 64 қызметкер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталған болды. Сондай-ақ Денсаулық сақтау қызметкерлерінің орталық кәсіподағынан үздік қызметкерлер аталған және Төсбелгі Едиль Бакишевич Айтжановқа берілген.     

Салтанатты іс-шараның аяқталуына қарай құттықтау сөдерін № 1 көпбейінді қалалық аурухананың Кәсіподақ комитетінің төрайымы Наталья Елисеевна Тё айтты.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді