Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

 2014 жылдың 18 сәуірінде Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде Астана қаласының № 1 қалалық ауруханасының базасында «ZhasStar» спорт-сауықтыру орталығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

«ZhasStar» жастар саясатының орталығы» қоғамдық қоры – «Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Ресупбликасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1545 қаулысына сәйкес,  Астанада аурухана аумағында салынған алғашқы спорт-сауықтыру кешені.

Салтанатты ашылу рәсімі аурухананың, денсаулық сақтау басқармасының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, кәсіподақтың басшылығының қатысуымен өтті.

Орталықты құру мақсаты – аурухана қызметкерлеріне, күш жаттығулары ем болатын емделушілерге, жақын жердегі көп қабатты үйлер мен жер үйлер тұрғындарына, сондай-ақ барлық тілек білдірушілерге, бос уақытты белсенді дене шынықтырумен және денсаулық үшін пайдамен өткізуге мүмкіндік ұсыну.

Осында заманауи жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталған, мамандандырылған спорт залдарында, тәжірибелі жаттықтырушылардың басшылық етуімен келесі секциялар бойынша жаттығулар өткізілетін болады:  ЕДШ (Емдік денешынықтыру), пилатес, йога, степ-аэробика, шейпинг, хореографиялық билер, кардио жаттығулар, күш жаттығулары, сквош, үстел теннисі, армрестлинг, пауэрлифтинг. 

Аурухана және орталық басшылығы осы орталықты енгізу, дене шынықтыру дайындығының деңгейін жоғарылататынына және организмнің жалпы жағдайына жағымды әсер ететініне сенеді. Халық даналығында айтылғандай «Тәні саудың - жаны сау».

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді