Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Политравма және қалпына келтіру ортохирургия орталығы ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК базасында 2014 жылдың 4 мамырында құрылған. Орталық тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлем шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен келген ортопедиялық-травматологиялық және комбустиологиялық патологиямен емделушілерге жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. 

Қазіргі заманда травматология мен ортопедияның рөлі тапжылмай өсуде. Жыл сайын миллиондаған адамның қаза болу мен жарақаттану себебі өндіріс пен тұрмыстағы автокөлік апаттары мен жазатайым оқиғалар.      Жарақат зардаптары емделушінің ұзақ уақыт еңбекке қабілетсіздігі мен оның өмір сүру сапасының едәуір нашарлауымен сипатталады. 

Травматология мен ортопедияға инновациялық технологияларды енгізу нәтижесінде, скелет созғыш пен гипс таңғышының орнын озат және тиімділеу оперативтік әдістер басты, олар сынықтарды емдеу мерзімін минимумға дейін қысқартты және стационарлық ем кезеңінде (пневмонияны, жауыржараны, тромбоэмболияны) емделушінің ұзақ уақыт қимылсыздығынан болған, асқынулар дамуының алдын алуына мүмкіндік берді.       

Орталық құрамына: 20 төсек-орынға арналған политравма бөлімшесі, 20 төсек-орынға арналған қалпына келтіру ортохирургия бөлімшесі, 15 төсек-орынға арналған комбустиология бөлімшесі, Астана қаласы Алматы ауданының тұрғындарына шұғыл амбулаториялық травматологиялық көмек көрсететін травматологиялық пункт кіреді. 

Орталықта АҚШ-ның, Еуропа мен Қытайдың жетекші клиникалары мен орталықтарында оқудан өткен, жоғары білікті дәрігерлік қызметкерлер құрамы жұмыс істейді. Дәрігерлер тірек-қимыл аппараты мен буын ауруларының зақымдарын операциялық емдеудің жоғары технологиялы әдістерін игерген. 

Орталықта сондай-ақ «травматология және ортопедия» мамандығы бойынша резидентурада, магистратура мен докторантурада оқытумен айналысатын профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Жұмыс орнында ақылы білім беретін көшпелі циклдер, мастер-класстар мен машықтанулар өткізіледі.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді