Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-нда «МРТ нейровизуалдау. Нейрорадиологиядағы МРТ перфузия (шаймалау) мүмкіндіктері» тақырыбына арналған шеберлік-сыныбы өтеді.

2019 жылдың 14 наурызында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-ның сәулелі және функционалдық диагностика бөлімшесінде «МРТ нейровизуалдау. Нейрорадиологиядағы МРТ перфузия (шаймалау) мүмкіндіктері» тақырыбына арналған шеберлік-сыныбы өткізіледі.

Мақсаты: МРТ диагностикалау бойынша заманауи бағдарламаларды ендіру.

Нейровизуалдау – ми құрылымын, функциясын және биохимиялық қасиеттерін көзбен шолып қарауға (визуалдау) мүмкіндік беретін бірнеше әдістердің жалпы атауы. Оның басты шарты  айқын (контрасттық) затты күретамырға жіберу болып табылады.

Аталмыш зерттеу инсульт, бас-миы жарақаты кезінде бас мидың зақымдануын диагностикалауда аса қажет, яғни зақымдану сипатын бағалауға және жүйке тіндерін әрі қарай қалпына келтіру деңгейі бойынша нақты болжам жасауға мүмкіндік береді.

Медицинадағы перфузия – сұйықтықтың (атап айтқанда, қанның) тін арқылы өтуі, не болмаса қандай да бір ерітіндіні тін арқылы жасанды түрде өткізу.

Спикер болып Мәскеу қ., Денсаулық сақтау департаменті, А.К. Ерамишанцев атындағы қалалық клиникалық аурухананың сәулелі диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, Ресей және Еуропа:  РООРР, Нейрорадиологтар ұлттық қоғамыов, ESR, ESNR, ESER ғылыми радиологиялық қоғамының тұрақты мүшесі Дмитрий Владимирович Буренчев сөз сөйлейді. Негізгі мамандану саласы: шұғыл жағдайдағы радиология, бас-мойын радиологиясы, қаңқа-бұлшықет радиологиясы.

Бас миын перфузия әдісімен зерттеу елордада  қалалық стационар деңгейінде тек №1 қалалық ауруханада жүргізіледі.

Шеберлік-сыныбына №1 қалалық аурухананың сәулелі және функционалдық диагностика докторлары және Астана қаласының өзге де медицина ұйымдарының докторлары қатысатын болады. 

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Нур-Султан