Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ КОЛОПРОКТОЛОГИЯ ОРТАЛЫГЫ МЕН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР БӨЛІМШЕСІ

№1 көпбейінді қалалық ауруханасының амбулаториялық колопроктология орталығы мен консультациялық-диагностикалық және күндізгі стационар бөлімшесінің құрамында III бөлімше бар:

1. Жоспарлы ауруханаға жатқызу бөлімшесі:

Жоспарлы ауруханаға жатқызу бөлімшесі «Жұқпалық, туберкулездік және психиатриялық аурулардан басқа стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық көмекті көрсету жөнінен қызметтер» 067 Республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес жоғары мамандандырылған стационарлық медициналық көмекті алу үшін науқастарды жоспарлы тәртіпте ауруханаға жатқызуын ұйымдастырады. Жоспарлы ауруханаға жатқызу пациенттің тегін медициналық көмектің кепілді көлем шеңберінде медициналық көмекті еркін таңдау құқығын есепке алуымен, денсаулық сақтау саласында уәкілетті органмен бекітілген, Стационарлық көмекті көрсетудің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету бөлімшесі (бұдан әрі күндізгі стационар):

Күндізгі стационар – бұл пациент қысқа мерзімде емді алатын, жұмысты ұйымдастырудың қазіргі заман түрі. Осында пациенттер тәуліктік медициналық бақылауында болмай, денсаулықпен байланысты проблемаларды шеше алады. Күндізгі стационарда пациенттер тек емдеу үшін қажетті уақыттың бір бөлігін өткізеді, ал үйде немесе жұмыста белсенді өмір сүруді жалғастырады.

Күндізгі стационар қызметтерін келесі жағдайларда пайдаланып қалуға болады:

  • Қанайналым, дем алу, асқорыту ағзаларының созылмалы аурулары, бұлшықет жүйесінің, нерв жүйесі мен сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары асқынған кезінде.   (Ескерту: егер пациент тәуліктік медициналық бақылау мен емді қажет етпеген жағдайда).
  • Тәуліктік стационарда жатқаннан кейін қалпына келтіру емін алу үшін. 
  • Сыртқы факторлардың әсер етуінен (мысалы: алкогольды қоса уыттанулар, түрлі жіті аурулардың білінуі, созылмалы түрлердің асқынуы) денсаулық жағдайы біраз нашарлап, дәрігердің бақылауымен біршама оңалту курсы қажет болған жағдайлар.

Күндізгі стационар ұжымы – бұл білікті мамандар, медицина ғылымдарының кандидаттары. Егер емдеу процессінде қандай болса да маманның консультациясы немесе қосымша тексерудің қажеттілігі туындаса, пациенттердің қызметтеріне диагностикалық әдістердің барлық спектрі ұсынылады.  

Күндізгі стационарда жату пациентке емді жұмыспен немесе оқумен қатар алып жүруге, ал кешкі және түнгі уақытта үйде болуға мүмкіндік береді.

3. Ақылы медициналық қызметтерді көрсететін консультациялық–диагностикалық бөлімше:

Консультациялық-диагностикалық бөлімше ақылы медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау Комитетімен 2012 жылдың 20 сәуірінде берілген №10628DZ лицензиясына және медициналық пен дәрігерлік қызметтің түрлері бойынша олардың қосымшаларына сәйкес, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ақылы медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі ережелерінің негізінде көрсетеді. 

Бөлімшеде әрдайым терапевт, кардиолог, невропатолог-эпилептолог, гинеколог, хирург, лор дәрігері, окулист, стоматолог мамандары қабылдауды жүргізеді. Қажет болған жағдайда пациенттерге бейінді бөлімшелердің дәрігерлері консультация береді.

Диагностикалау үшін заманауи жабдықтар қолданылады:

  • Neitz BXa офтальмоскопы
  • СР-500 SHIN-NIPPON белгілер проекторы 
  • Accuref-K 9001(Shin-Nippon) авторефкератометр
  • NCT-10 (Жапония) УДЗ аппараты 
  • AP-SOOOC автоматты периметр
  • «Медицентр Интер» оториноларингологиялық қондырғы
  • «Chiradent Efekt L» стоматологиялық қондырғы

«Емдегенше, алдын алған оңай» (халық даналығы) – осыны жасы ұлғайған шаққа дейін өмір сүруге, сонымен қатар жастық жігерлілікті, жарқын жүзділік пен жұмысқа қабілеттілікті  сақтап қалуға тырысатындарының әрбіреуі біледі. Ол үшін жақсы тұқымқуалаушылықтың болуы және салауатты өмір салтын ұстану жеткіліксіз, профилактикалық тексеруден жүйелі түрде өткен қажет. Осы мәселенің өте жақсы шешімі организмді кешенді тексерудің жеке бағдарламалары - Check-Up болып табылады.   

Check-Up басты мақсаты бастапқы сатыларда ауруларды анықтау мен алдын алу болып табылады.  

Ең жаңа ғылыми-техникалық әдістерге негізделген мақсатты алдын алу, адам организмі сияқты осындай ең күрделі жүйеде «осал жерлерді» анықтауға мүмкіндік береді. Ол аурудың клиникалық симптомдары білінбей жатып, ауруды алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Ауру іште қатты білінбеуі мүмкін, бірақ біз оны дамымай тұрып бұрын анықтаймыз. Қысқа уақытта, қазіргі заманғы медициналық аппаратураның көмегімен, біз білікті дәрігер-мамандар талдап шығатын Сіздің денсаулығыңыздың жағдайы туралы кең және жан-жақты ақпарат аламыз. Ал уақытында тағайындалған ем толық жазылуына кенет мүмкіндікті жоғарылатады.  

Егер мұқият тексеруден кейін сіздің үрейіңізді жойсақ және «Сіз мүлде саусыз!» мүмкін диагноздарының ішінен жақсысын қойсақ біз өте қуанышты боламыз. 

Біз кешенді тексерудің келесі жеке бағдарламаларын ұсынамыз:

  • «Орталық нерв жүйесі» бағдарламасы
    Бағдарлама инсульттің дамуына және ми қанайналымының бұзылуына себеп болатын қауіп-қатер факторларын және болуы мүмкін себептерді анықтауына бағытталған.
  • «Перифериялық нерв жүйесі» бағдарламасы
    Перифериялық нерв жүйесі жағдайының және жүйе ауруларының қауіп-қатер факторларының диагностикасы.
  • «Кардиологиялық тексеру» бағдарламасы
    Жүрек аурулары дамуының қауіп-қатер факторларын анықтауына тексеру бағдарламасы: миокард инфаркты, қолқаның құрсақ бөлігінің аневризмасы, гипертониялық ауру және басқалар.
  • «Гепатологиялық тексеру» бағдарламасы
    Бауырдың түрлі ауруларының, соның ішінде – В және С вирусты гепатит, бауыр обыры, бауырды май басу, бауырдың тамырлы және метаболизмдік аурулар дамуының қауіп-қатер факторларын анықтауына тексеру бағдарламасы.
  • «Ер адамдарға арналған базалық тексеру» бағдарламасы
    Түрлі аурулар қауіп-қатерінің факторларын анықтау мақсатында ер адамдардың негізгі ағзаларын және жүйелерін толық тексеру.
  • «Әйелдерге арналған базалық тексеру» бағдарламасы
    Түрлі аурулар қауіп-қатерінің факторларын анықтау мақсатында әйелдердің негізгі ағзаларын және жүйелерін толық тексеру. 
  • «Ер адам денсаулығы» бағдарламасы
    Ер адамдарды заттектер алмасудың деңгейіне, ер адамдардың эндокриндік, репродукциялық жүйелерінің функцияларын диагностикалық тексеру. 
  • «Әйел денсаулығы» бағдарламасы
    Жоспарланатын жүктіліктің алдында репродукциялық жүйенің, гормондық статустың жағдайын сипаттайтын әйелдерді диагностикалық тексеру.

Біздің Check-Up Орталығындағы кешенді тексерудің артықшылықтары:

  • тексерудің барынша қысқа мерзімдері (таңдалған бағдарламаға байланысты 2 сағаттан бастап және одан да артығырақ);
  • бағдарлама жекеше дайындалады 
  • бағдарламаға тек Сіз үшін қажетті тексерулер енгізіледі. (Біз артық анализдер мен емшараларды тағайындамаймыз, егер олар Сізге тағайындалмаған болса немесе өткізілген болса) 
  • біздің бағаларымыз негізді және айқын
  • сіздің ыңғайлылығыңыз үшін тексерулерден өту уақытында Сізді медицина қызметкері алып жүретін болады

Check-up – бұл ең төмен қауіп-қатер және ертеңгі күніндегі мол сенімділік. Бұл уақыт пен қаражатты ең аз жұмсау және тексерудің барынша нақты нәтижелері! 

4. Амбулаториялық-клиникалық колопроктология орталығы

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК

Амбулаториялық колопроктология орталығы мен консультациялық-диагностикалық және күндізгі стационар бөлімшесі, 1 қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді