Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

СӘУЛЕЛІК ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІ

Сәулелік диагностика (компьютерлі томография, магнит-резонанстық томография, литотрипсия, рентгенография, рентгеноскопия, тамырларды, ішперде қуысын, кіші жамбасты, жұмсақ тіндер мен буындарды  ультрадыбыспен зерттеу) – бұл ішкі ағзалар мен жүйелердің патологиялар құрылымын көрнекілендіруге және айырып тануға бағытталған инвазиялық емес диагностикалық әдістер тобы. 

№1 көпбейінді қалалық аурухананың сәулелік диагностика бөлімшесінде диагностикалау мен емдеудің инновациялық әдістері қолданылады:  компьютерлі томография, магнит-резонанстық томография, литотрипсия.

Біздің қызметтеріміз:

  • деректер мен тиісті реконструкцияларды толық процессордан кейінгі бағдарламалық өңдеумен жүрек, тамыр патологияларын анықтауына зерттеу, соның ішінде 3D және 4-D;    
  • КТ және МРТ зерттеулерін қолдануымен, ауыр кезеңде ми қанайналымының жіті бұзылыстарының диагнозын ертерек қою;   
  • КТ және МРТ қолдануымен ауруларды алғашқы сатысында метаболизмдік өзгерістер деңгейінде анықтау, сондай-ақ бас, өкпе, құрсақ қуысы мен ішперде артындағы кеңістік, кіші жамбас, сүйек-буын жүйесі, омыртқа бағанасы ауруларының диагностикасы.   
  • Кеуде ағзаларының рентгенографиясы мен рентгеноскопиясы;
  • Өңешті рентгенологиялық зерттеу;
  • Асқазанды рентгенологиялық зерттеу;
  • Ирригоскопия;
  • Сүйек рентгенографиясы;
  • Жүректі үш проекцияда рентгенологиялық зерттеу;
  • Құрсақ қуысының рентгенографиясы мен рентгеноскопиясы;
  • Экскреторлы урография;       
  • Барий ізбесті пероральді жібергеннен кейін ішекті зерттеу; 
  • Фистулография;
  • РПХГ (ретроградты панкреато холецистография)
  • микродискография, нейрохирургтармен бірлесе, С-доғасында;
  • дакреоцистография (көзжас каналын зерттеу)
  • кавернозография (жыныстық мүшені зерттеу)
  • пункциялық нефростомия (рентгеннің бақылауында)
  • микциондық уретрография.

Ультрадыбыспен зерттеу (УДЗ) – медицинаның барлық салаларында кеңінен қолданылатын, қазіргі заманғы, залалсыз, диагностиканың жоғары ақпараттық әдісі. Қазіргі уақытта ультрадыбыстық диагностика барлық жерде қолданылады. Зерттеудің осы түрінің организмге аз ғана әсер ету қабілеті бар, сондықтан жүктілік кезінде, балаларға, егде адамдар мен ауыр халдегі науқастарға қолдануға рұқсат етілген.  

Қызметтер ТМККК, МӘМС шеңберінде, сондай-ақ шаруашылық есеп негізде  көрсетіледі. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) тегін, 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 920 ЖММК-тің бекітілген тізбесіне сәйкес көрсетіледі.

Біздің қызметтеріміз:

  • Хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, эндокринологиялық патология кезінде диагностикалық зерттеулердің барлық түрлері жүргізіледі, олар:
  1. Диагностикалық және емдік интраоперациялық ультрадыбыстық зерттеулер.
  2. УДЗ бақылауында ағзалардың жіңішке инелі пункциялық-аспирациялық биопсиясы
  • Буындарды, жұмсақ тіндерді УДЗ;
  • Сүт бездерін, кіші жамбасты УДЗ;
  • Құрсақ қуысын, бүйректі УДЗ;   
  • Қол-аяқ тамырларын, құрсақ қолқасын, бүйрек тамырларын, брахиоцефальді аумақты доплерографиялық зерттеу. 
  • Пункциялық биопсия, кез келген ағзаларды, қуыстарды, құрылымдарды дренаждау;
  • тері арқылы, бауыр арқылы холангиостомия;
  • УДЗ бақылауындағы нефростомия;
  • үстіңгі, төменгі қол-аяқ тамырларының, құрсақ қуысының, брахиоцефалды аумақтың доплерографиясы;
  • УДЗ бақылауында бөгде заттардың, тығыз тіндік құрылымдардың аспирациясы.

Функционалдық диагностика – бұл зерттеудің аспаптық әдістерінің көмегімен ағза аурулары мен ағза жүйесін диагностикалаумен және олардың функционалдық мүмкіндіктерін бағалаумен айналысатын медицина саласы. Барлық қолданылатын әдістер қауіпсіз және жоғары ақпараттық. Оларды бірнеше рет сау адамдарға, науқастардың барлық санаттарына, сондай-ақ балалар мен жүкті әйелдерге жүргізуге болады. 

Қазіргі заманғы функционалдық диагностика функция бұзылыстарының дәрежесін сандық бағалаумен, функционалдық қорларды бағалаумен, бұзылыстардың патофизиологиялық механизмдерін анықтаумен, клиникаға дейінгі бұзылыстарды анықтаумен, функция бұзылыстары мен аурулардың толығымен дамуын болжаумен ерекшеленеді.   

«№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК функционалдық диагностика бөлімшесінің мамандарымен жүргізілетін зерттеулер, Сізге сіздің ағзаңыздың және оның жұмысқа қабілеттілік қорын анықтауға көмектеседі. Бұдан басқа, елорда тұрғындары үшін қызметтер қатары Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің қалалық тапсырысы шеңберінде ұсынылуы мүмкін. Пациенттердің қалауымен мамандандырылған көмек ақылы негізде көрсетілуі мүмкін. Бөлімше қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы Сізді жылдам және сапалы тексерумен қамтамасыз ете алады. 

Біздің қызметтеріміз:

  • Электрокардиограмма 
  • Жүрек эхокардиографиясы (Эхо КГ)
  • Спирография 
  • Спирография сынамалармен 
  • Тәуліктік  мониторирлеу ЭКГ (ХМ ЭКГ)
  • Артериялық қысымды тәуліктік мониторирлеу (АҚТМ)
  • ЭКГ денеге түсетін ауырлықпен (Тредмил тест, велоэргометрия)
  • Стресс ЭхоКГ
  • Электроэнцефалограмма (ЭЭГ)

Инновациялық әдістер:

  1. МРТ ми перфузиясы;
  2. КТ, МРТ-энтеграфия;
  3. Өкпені УДЗ.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Сәулелік және функциялық диагностика бөлімшесі, 1-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді