Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"

ОРТАЛЫҚ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ БӨЛІМШЕСІ

Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің басты міндеті - емдік алдын-алу мекемелерін зарарсыз медициналық заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ зарарсыздандырып өңдеудің барлық кезеңдерінде қолданылатын әдістерді үнемі шыңдау және оны барлық кезеңдерде бақылау болып табылады.

Емдік алдын-алу мекемелерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру - көпсатылы күрделі процес болып табылады, ол бірнеше кезеңнен тұрады, яғни бұл кезеңдердің әрқайсысы зарарсыздандыру сапасын анықтайды:

  • қолдану орындарында бұйымдарды алдын-ала зарарсызданыру және өңдеу (емшара, ота жасау, таңу бөлмелерінде және т.б.);
  • бұйымдарды алдын-ала зарарсыздандырып тазалау;
  • орау;
  • зарарсыздандыру;
  • зарарсыздандырылған бұйымдарды қолдану орындарына тасымалдау және сақтау.

ОЗБ тәулік бойы жұмыс істейді.

ОЗБ мынадай міндеттер жүктеледі:

  • ауруханның медициналық мақсаттағы ұйымдарын және құралдарын қабылдау;
  • сапасына арналған сынамаларды одан әрі қоя отырып, алдын-ала зарарсыздандырып тазалауды жүргізу (жуу, кептіру);
  • құралдарды іріктеу, жинау және орау;
  • зарарсыздандыру сапасын анықтау үшін тест-индикаторды қолдана отырып бұйымдарды зарасыздандыру;
  • құжаттамаларды қатаң қабылдау және оның есебін жүргізу, бұйымдарды беру;
  • таңу материалдарын дайындау;
  • аурухананың бөлімшелеріне зарарсыздандырылған бұйымдарды беру.

Ауруханашілік  инфекциялардың алдын-алу мақсатында барлық медициналық бұйымдар қолданылғаннан кейін бөлімшелерде зарарсыздандырудан өтуге тиіс. Алдын-ала зарарсыздандырып тазалау және бұйымдарды зарарсыздандыру ОЗБ-нде жүргізіледі.

ММБ қабылдау қатаң түрде кесте бойынша жүргізіледі. Құралдарды есеп бойынша қабылдаймыз, бөлімшелерден алынған құрал-саймандарды қабылдау журналына жазып қоямыз, таңбаланған торға жиналған күйінде саламыз және жуушы-зарарсыздандырушы машинаға саламыз, онда бұйымдар тазаланады, шайылады және кептіріледі. Сондай-ақ жуу-зарарсыздандырушы машинаның қолдану жөніндегі нұсқаулығын қатаң түрде сақтаймыз.

Алдын-ала зарарсыздандырып тазалау сапасы оң сынамалардың болмауына байланысты бағаланады: қанның болуына қатысты  азопирам сынамасы;  жуғыш заттардың болуына қатысты фенолфталеинді сынама. Сынама буып-түю үй-жайында арнайы үстелде жүргізіледі. Үстел реактивтермен, дәкелі шариктермен, сынамаларды жүргізуге арналған сөрелермен, тамызғышпен жабдықталған.

Сынаманы жүргізу үшін жуылған және кептірілген құралдардың топтамасынан 1% алынады.

Бұйымдарды өңдеу әсері оң нәтиже берген жағдайда теріс нәтиже алғанға дейін өңдеуді қайталаймыз.

Алдын-ала зарарсызданрып тазалауды жүргізгеннен және  оның сапасын бақылағаннан кейін ота жасалатын құралдардың ішінен бөлімшемен жасалған тізім бойынша құралдардың жинағы жинастырылады.

ММБ іріктеу, жинау және орау буып-түю үй-жайында жүргізіледі. Буып-түю үшін бу және плазмалқ стерилизаторға арналған аралас орамдар, кездеме қағаз қолданылады. Бұйымдарды кездеме қағазбен орау кезінде оның екі қабаты қолданылады, яғни бұйымды ірбір қабатымен жеке-жеке орап, оны жабысқақ индикаторлық баумен бекітеміз. Аралас орамдар термодәнекерлеуші әдіспен таңбаланады.

Барлық орамаларға бикстер, талап етілген режимнің бақылау индикаторы  бекітіледі (134*-5 мин. және 121*-20 мин.). Сүзгісі бар бикстердегі және кездеме қағазбен оралған ораманың зарарсыздылығын сақтау мерзімі - 20 тәулік, аралас орамдарда  - 1 жыл.

Бөлімше ММБ алдын-ала зарарсыздандырып тазалау және зарарсыздандыру үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған.

  • жуушы –зарарсыздандырушы машина - 2 дана, UNICLEAN SL M 15.
  • бу стерилизаторлары - 3 дана STERIVAP.
  • плазмалық стерилизатор - 1 дана STERRAD 100NX.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК

Орталық зарарсыздандыру бөлімшесі, 2 қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Нур-Султан