Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

ТОКСИКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Токсикология – улы (уытты) заттектерді, олардың организмге әсер етуінің әлеуетті қауіптілігін және экожүйені, уытты әсердің механизмін, сондай-ақ осындай әсер етудің салдарынан дамитын ауруларды диагностикалаудың, алдын алу мен емдеудің әдістерін зерттейтін ғылым.

№1 қалалық аурухананың токсикологтары химиялық этиологияның жіті уланулармен пациенттерге манипулциялардың барлық спектрін көрсететді (тағамнан уланулар, есірткіқұмарлық пен маскүнемдіктің созылмалы түрлері шығарылады).

Бөлімше 15 жатын орынға арналған. Бөлімше қызметкерлері жіті улануларды алдын алу, диагностикалау мен емдеу, химиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша біздің елде, және де шетелде өткізілетін конгресстерге, съездерге, симпозиумдар мен конференцияларға тұрақты түрде қатысады.

Бөлімше заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған:

  • Комплексті детоксикацияны жүргізуге арналған Multi Filtrate Fresenius Medical Care аппараты;
  • Гемосорбция мен белсенді дәрі құюға арналған «Гемос» шағын аппараты;
  • Өкпені жасанды желдетудің GE EngstromCarestation аппараттары;
  • Электрлік дефибрилляция мен кардиоверсияны жүргізуге арналған GE Responder 2000 аппараты;
  • Вена ішіне дәрі жіберуін жүргізуге арналған (инфузоматтар, перфузорлар) Bbraun фирмасының аппараттары;
  • Инвазиялық емес дәрілік ингаляцияларды жүргізуге арналған аппараттар.

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі. Бұдан басқа, астана тұрғындарына қызметтер қатары Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау департаментінің қалалық тапсырысы шегінде көрсетілуі мүмкін. Пациенттердің қалауынша мамандандырылған көмек ақылы негізде көрсетілуі мүмкін.

ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • Жіті улануларды диагностикалауын жүргізу;
  • Химиялық этиологияның жіті уланулары мен олардың асқынуларын арнайы әдістермен емдеу;
  • Жеке инфузиялық бағдарламаларды құру;
  • Жүрек-өкпе реанимациясының, өкпені жасанды желдетудің негізгі және мамандандырылған әдістерін жүргізу;
  • Химиялық қауіпсіздік сұрақтары бойынша тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне телефон арқылы кеңес беруін жүзеге асыру (консультациялық қызметтің телефон нөмірі – (+7 (7172) 23-16-58.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Токсикология бөлімшесі, 5-ші қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны