Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

НЕФРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІ

Нефрология (грек. nephros бүйрек + logos ілім) – бүйрек ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрсеткіштерін, оны диагностикалау әдістерін, емдеу және оңалтуды оқытатын ішкі аурулар туралы ілім.

Терапия – ішкі ауруларды диагностикалау және консервативті емдеумен (шұғыл емдеусіз) айналысатын медицина ғылымының бір саласы. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК нефрология және терапия бөлімшесі жайлылығы жоғары деңгейдегі 2 орындық палаталардан, бір орындық және екі орындақ VIP-палаталардан құрылған 40 төсек орналастырылған. 

Бізде созылмалы бүйрек аурулары бар барлық емделушілер үшін табысты әрі ұтымды терапиялық емдеу жағдайлары ұсынылған. 

Бөлімшеде Корея, Ресей (Санкт-Петербург, Мәскеу) және Еуропаның басқа мемлекеттерінде тағылымдамадан өткен біліктілігі жоғары мамандар қызмет атқарады.

Қызмет кепелдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек, сонымен қатар шарт негізінде көрстеледі. Мамандандырылған медициналық көмек (ММК) тегін көрсетіледі.

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.

Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:

  • алғашқы және екіншілік (асқынған және созылмалы гломерулонефрит) бүйрек аурулары, тумысынан және тұқым қуалайтын бүйрек аурулары бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • екіншілік нефропатиясы бар асқынған және созылмалы індеті (гипертоникалық, диабетикалық, уратты және тағы да басқа) бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • біріккен ұлпа ауруларының жүйесі, жүйелік баскулит кезіндегі гломерулярлы зақымдануы бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • екіншілік артериальды гипертензиясы бар емделушілерді қарау;
  • бүйрек транслантациясы, посттрансплантациялы нефропатиядан кейінгі емделушілерді қарау;
  • бүйрек патологиясы бар жүкті әйелдерді қарау;
  • предиализді кезеңде асқынған және созылмалы бүйрек жетімсіздігі  бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • жүрек-тамырлы жүйе аурулары бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • бронх-өкпе жүйесі аурулары бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • несеп-жыныстық жүйе аурулары бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • Эндокриндік жүйе аурулары бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • Ішек-қарын жолы аурулары бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • Бауыр, ұйқы безі және өт жолы аурулары бар емделушілерді диагностикалау және емдеу;
  • Ревматологиялық аурулары бар емделушілерді диагностикалау және емдеу.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Нефрология және терапия бөлімшесі, 5-ші қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны