Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"

НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Нейрохирургия – нерв жүйесінің аурулары мен жарақаттарын емдеу үшін операциялық әрекеттерді қолданатын хирургияның ең таңдамалы саласы. Нерв тіні едәуір күрделі және құрылысы ерекше, ол өте осал жер және қалпына келу қасиеттері төмен. Миға және нервілік діңгекке операция жасаған кезінде үлкен биязылықты, жоғары дәлдік пен қәсіпқойлықты қажет етеді, өйткені азғана техникалық олқылық түзелмейтін зардаптарға әкелуі мүмкін. 

№1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесі орталық және перифериялық нерв жүйесінің аурулары, дегенерациялық аурулар мен омыртқа бағанасы жарақаттарының зардаптары кезінде нейрохирургиялық операциялар мен манипуляциялардың барлық спектрін көрсетеді. Бөлімшенің жетекші мамандары Австрия, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресей клиникаларында сынақ ісінен өткен. Операциялық әрекеттер жоғары технологиялы әдістерді, шағын инвазиялық техниканы пайдалануымен жоғары кәсіби деңгейде жасалады.

Бөлімше жоғары жайлылықты 2 орынды палаталарда орналастырылған, 10 орынға арналған. Шарттық және шаруашылық есепті пациенттер үшін бір орынды VIP-палата бар.

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі. Бұдан басқа астана тұрғындарына қызметтер қатары Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау департаментінің қалалық тапсырысы шегінде көрсетілуі мүмкін. Пациенттердің қалауынша мамандандырылған көмек ақылы негізде көрсетілуі мүмкін.

БӨЛІМШЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • бассүйек ішіне қан құйылу;
  • үштармақты нерв невралгиясы және гемифациалды спазм;
  • тамырлы зақымданудың экстра және бассүйекішілік бітелуі және тарылуы;
  • мидың супра- және –субтенториалды құрылымдары;
  • омыртқаралық дисктердің жарығы;
  • омыртқаның асқынбаған сынығы, олардың зардаптары, омыртқаның боркемігі мен ісіктері кезіндегі тері арқылы вертебропластика;
  • бассүйекішілік қысымның детекторын орнату және бассүйекішілік қысым нейромониторингі;
  • перифериялық нерв жүйесінің аурулары және жарақаттарының зардаптары;
  • бассүйек күмбезі сүйектерінің пострепанациялық кемістіктері.

Кезек күттірмейтін жағдайлар (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін):

  • геморрагиялық инсульттерді хирургиялық емдеу

Диагностикалық зерттеулер:

  • ультрадыбыстық доплерография (триплексті сканерлеу)
  • мультиспиральды компьютерлі томоангиография (МСКТА)
  • магнитті-резонансты ангиография (МРА)

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Нейрохирургия бөлімшесі, 4 қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны