Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

ПОЛИТРАВМА ЖӘНЕ ЭНДОПРОТЕЗДЕУ БӨЛІМШЕСІ

Политравма – бұл мамандандырылған емді қажет ететін, екі және одан да көп зақымдардың жиынтығы. Емдеу түрі әр зақымдардың ішіндегі ерекшелігіне және олардың зақымданғанның организміне өзара әсер етуіне байланысты болады. Осы жарақаттардың өмір үшін жоғары қауіптілігі бар және жиі өліммен аяқталады. Сондықтан жарақат алғаннан кейін ең қысқа мерзімде зақымданғанды тиісті емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Политравма бөлімшесіне емдеуге жатқызу үшін негізгі симптомдар:

  • Жарақаттық шок
  • Қансырау 
  • Естен тану 
  • Тыныс алу функциялары мен басқа өмірлік маңызды функцияларының бұзылуы.

Политравма бөлімшесі шұғыл және жоспарлы тәртіпте емделушілерді оңалту үшін замануи технологияларды қолдануымен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Емделушілердің қызмет көрсетуіне жақын және алыс шетелдерде жыл сайын біліктілігін арттыратын дәрігерлердің көп жылдық тәжірибесі, медицина саласындағы соңғы жетістіктер және заманауи жабдықтар. 10 дәрігер 031 бағдарлама бойынша политравмамен емделушілерді емдеудің заманауи тәсілдері бойынша АҚШ-ның жетекші клиникаларында оқудан өткен.

Бөлімше дәрігерлерімен тиімді және қысқа мерзімде емделушіге «аяғына тұруға» және өмір сапасын едәуір жақсартатын, емді амбулаториялық жалғастыруға мүмкіндік беретін, заманауи халықаралық стандарттар бойынша зақымданғандарды емдеу жүзеге асырылады. Бөлімше әдістемелерінің арсеналында – импорттық өндіріс фиксаторларымен заманауи тұрақты, шағын инвазиялық сүйек сынықтарының остеосинтезі.     Бөлімше қызметкерлері сондай-ақ Қазазақстан Республикасының түрлі аймақтарында зақымданғандарға көмек көрсетеді және Республикалық Санитарлық авиация орталығының жәрдемімен жамбас пен омыртқа бағанасы сүйектерінің сынықтарымен ең күрделі емделушілерді  операциялық емге тасымалдайды.

БӨЛІМШЕ ҚЫЗМЕТТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • Тірек-қимыл аппаратының барлық түрлерінің сынықтары кезіндегі операциялар; 
  • Тізебуынды, ұршықбуынды, иық және шынтақ буындарды эндопротездеу;
  • Сіңірлерді қалпына келтіру және жарақат зардаптарын емдеу; 
  • Табан деформациясын емдеу (көлдеңен майтабан).

Емдеуге жататын негізгі патологиялар:

  • Жанамалас және көптеген жарақатпен емделушілер
  • Ауыр сынықтар алған, буын шығып кеткен, жұмсақ тіндерді, ішкі ағзаларды (бас-ми жарақаттары, кеуде мен ішперде қуысының, омыртқа бағанасы мен жамбас жарақаттары) зақымдаған емделушілер; 
  • Ортопедиялық аурулар (тірек-қимыл жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған деформациялары).

Қазіргі заманда травматология мен ортопедияның рөлі тапжылмай өсуде. Жыл сайын миллиондаған адамның қаза болу мен жарақаттану себебі өндіріс пен тұрмыстағы автокөлік апаттары мен жазатайым оқиғалардан болады. Жарақат зардаптары емделушінің ұзақ уақыт еңбекке қабілетсіздігі мен оның өмір сүру сапасының едәуір нашарлауымен сипатталады.

№1 қалалық аурухананың эндопротездеу бөлімшесінде ұршықбуынды, тізебуынды, иықбуын мен шынтақ буынды эндопротездеу сияқты, ірі буындар жарақаттары мен ауруларының зардаптарымен емделушілерге операциялар жасалады. Алғашқы рет Қазақстан Республикасы мен Орта Азияда гемофилия кезінде ірі буындарды эндопротездеу енгізілген, осындай тәжірибе бола отырып Қазақстан ТМД-ғы екінші және дүние жүзіндегі алтыншы ел болып табылады. Бөлімше ортопедері тізебуын зақымдары кезінде шағын инвазиялық  артроскопиялық техниканы игерген.

АҚШ-ның, Еуропа мен Қытайдың жетекші клиникалары мен орталықтарында оқудан өткен, бөлімшенің жетекші мамандары Қазақстан Республикасының халқына тірек-қимыл жүйесінің жарақаттарымен және ауруларымен емделушілерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Эндопротездеу бөлімшесіндегі емдеудің инновациялық технологиялары:

  • Ұршықбуын мен тізебуынды эндопротездеу.
  • Иықбуын мен шынтақбуынды эндопротездеу.
  • Гемофилия кезінде буындарды эндопротездеу алғашқы рет Орта Азияда жасалған (ТМД-ғы 2-ші және дүние жүзіндегі 6-шы ел).
  • Тізебуынға артроскопия мен реконструкциялау-қалпына келтіру операцияларын жасау (менискілердің, айқыш байламдардың, тізетобықтың дағдылы шықпаларының үзілуі).
  • Ұршықбуын мен тобықбуынға артроскопия жасау.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Политравма және эндопротездеу орталығы, 3-ші қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны