Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"

ПУЛЬМОНОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ 

Пульмонология (сондай-ақ «пневмология» деп аталатын) – өкпе мен тыныс жолдарының ауруларын зерттеумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын медицина бөлімі.   

№1 қалалық аурухананың пульмонологиялық бөлімшесі 15 төсек -орынға арналған, өз қызметін 2014 жылғы 14 наурыздан бастап жүзеге асырады. Пульмонология бөлімшесінің негізгі міндеті шұғыл және жоспарлы тәртіпте тыныс алу ағзаларының патологиясымен емделушілерге сапалы мамандандырылған көмек көрсету болып табылады. Заманауи материалдық-техникалық база, жоғары медициналық технологияларды пайдалану, сондай-ақ ең жаңа дәрі-дәрмектер ауруларды диагностикалау мен емдеудің ең күрделі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.

Бөлімшеде көмек келесі аурулар кезінде көрсетіледі:

  • Өкпенің абсцесі (жіті абсцесс)
  • Бронх демікпесі
  • Идиопатиялық фиброзиялаушы альвеолит және өкпенің басқа интерстициялы аурулары, саркоидоз және басқа өкпе диссеминациялары
  • Өкпе артериясының тромбоэмболиясы – Өкпе инфаркті
  • Өкпе гипертензиясы
  • Өкпе фиброзы
  • Ұйқының обструкциялық апноэсы (тек скрининг әдісімен диагностикалау)
  • Пневмония
  • Өкпе обырын диагностикалау  
  • Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы: (ӨСОА)
  • Өкпенің кистозды гипоплазиясы.

Бөлімшенің жоғары білікті дәрігерлері жіті, созылмалы, туа біткен және тұқым қуалаған бронхоөкпелік патологиямен емделушілерді тексеруін, ентікпемен, созылмалы жөтелмен емделушілерді емдеуін жүргізеді және келесі ауруларды емдейді:

  • түрлі ауырлық дәрежесіндегі аралас генездің бронх демікпесін; 
  • жіті және созылмалы бронхитты;
  • өкпенің созылмалы обструкциялық ауруын: (ӨСОА)
  • бронхоэктаздық ауруды; 
  • өкпенің интерстициалы ауруларын (соның ішінде саркоидоз, идиопатиялық фиброзиялаушы альвеолит, экзогендік аллергиялық альвеолит және басқалар.);
  • пневмонияны (өкпенің қабынуы);
  • түрлі этиологиядағы плевриттерді;
  • тыныс алу жеткіліксіздігінің және өкпелік жүрек синдромын.

Сондай-ақ бөлімшеде Демікпе-мектептері, ӨСОА-ның мектептері өткізіледі, осының шеңберінде емделушілер ингаляция, небулайзерлі терапия техникасын оқып үйренеді.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Пульмонология бөлімшесі, 2-ші қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны