Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

ПУЛЬМОНОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ 

Пульмонология (сондай-ақ «пневмология» деп аталатын) – өкпе мен тыныс жолдарының ауруларын зерттеумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын медицина бөлімі.   

№1 көпбейінді қалалық аурухананың пульмонологиялық бөлімшесі 13 төсек-орынға арналған, өз қызметін 2014 жылдың 14 наурыз айынан бастап жүзеге асырады. Пульмонология бөлімшесінің негізгі міндеті шұғыл және жоспарлы тәртіпте тыныс алу ағзаларының патологиясымен пациенттерге сапалы мамандандырылған көмек көрсету болып табылады. Заманауи материалдық-техникалық база, жоғары медициналық технологияларды пайдалану, сондай-ақ ең жаңа дәрі-дәрмектер ауруларды диагностикалау мен емдеудің ең күрделі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.       

Қызметтер ТМККК, МӘМС шеңберінде, сондай-ақ шаруашылық есеп негізде көрсетіледі.

Бөлімшеде көмек келесі аурулар кезінде көрсетіледі:

  • Өкпенің абсцесі (жіті абсцесс)
  • Бронх демікпесі
  • Идиопатиялық фиброзиялаушы альвеолит және өкпенің басқа интерстициялы аурулары, саркоидоз және басқа өкпе диссеминациялары
  • Өкпе артериясының тромбоэмболиясы – Өкпе инфаркті
  • Өкпе гипертензиясы
  • Өкпе фиброзы
  • Ұйқының обструкциялық апноэсы (тек скрининг әдісімен диагностикалау)
  • Пневмония
  • Өкпе обырын диагностикалау  
  • Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы: (ӨСОА)
  • Өкпенің кистозды гипоплазиясы.

Бөлімшенің жоғары білікті дәрігерлері жіті, созылмалы, туа біткен және тұқым қуалаған бронхоөкпелік патологиямен пациенттерді тексеруін, ентікпемен, созылмалы жөтелмен пациенттерді емдеуін жүргізеді және келесі ауруларды емдейді:

  • түрлі ауырлық дәрежесіндегі аралас генездің бронх демікпесін; 
  • жіті және созылмалы бронхитты;
  • өкпенің созылмалы обструкциялық ауруын: (ӨСОА)
  • бронхоэктаздық ауруды; 
  • өкпенің интерстициалы ауруларын (соның ішінде саркоидоз, идиопатиялық фиброзиялаушы альвеолит, экзогендік аллергиялық альвеолит және басқалар);
  • пневмонияны (өкпенің қабынуы);
  • түрлі этиологиядағы плевриттерді;
  • тыныс алу жеткіліксіздігінің және өкпелік жүрек синдромын.

Сондай-ақ бөлімшеде Демікпе-мектептері, ӨСОА-ның мектептері өткізіледі, осының шеңберінде пациенттер ингаляция, небулайзерлі терапия техникасын оқып үйренеді.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы емдеуге жатқызу сұрақтары бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультациялық-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Пульмонология бөлімшесі, 4-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді