Біздің сайтымызға қош келдіңіздер! Сіздер осында барлық қажетті ақпаратты таба алатыныңызға үміттенеміз!
Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.
№1 Көпбейінді қалалық аурухана 1925 жылы салынған болатын, ол уақытта уездік емдік мекеме базасында 40 жатын орынға арналған Ақмола қаласының Бірінші ауруханасы ұйымдастырылған еді.
Бүгінгі күнде – бұл бірегей жабдықтармен жабдықталған, шұғыл және жоспарлы тәртіпте мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсететін заманауи тұрғыдағы көп салалы клиникалық орталық. Аурухана қабырғаларында әлемнің бастаушы клиникаларында оқыған білікті мамандар командасы тәулік бойы еңбек етеді.
Клиника қуаттылығы 842 жатын орынды құрайды.
Клиникалық блок:
- 538 тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жатын орны;
- 73 күндізгі стационар жатын орны;
- 46 ақылы жатын орын.
Акушерлік блок:
- 185 тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жатын орны;
- 10 күндізгі стационар жатын орны;
- 5 ақылы жатын орын.
Алдыңғы қатарлы диагностикалық базаның жоғары әлеуетінің, біздің қызметкерлеріміздің бірегей тәжірибесі мен білімдерінің үйлесуі, біздің емделушілеріміздің нағыз талап ететін үміттерін қанағаттандырады.
ШЖҚ «№1 Көпбейінді қалалық аурухана» МКК акушерлік блогының негізін қалаушы 1978 жылы Целиноград қаласында ашылған №2 перзентхана болып табылады. 20 жылдан кейін, 1998 жылы ол «Перинаталдық орталық» болып өзгертілді, 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап 2019 жылдың желтоқсан айына дейін ШЖҚ «№2 Перинаталдық орталық» МКК ретінде жұмыс істеді. 2018 жылдың 6 желтоқсанында ШЖҚ «№2 Перинаталдық орталық» МКК және ШЖҚ «№1 Қалалық аурухана» МКК біріктіріп, ШЖҚ «№1 Көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК құрылды. Акушерлік блок өз құрамында 250 адам қабылдауға арналған әйелдер консультациясы бар.
Біз әйелдер консультациясында жүктілікті қадағалаймыз, мамандандырылған акушерлік және неонаталдық көмекті қажет ететін I-II деңгейдегі ұйымдардан босануға жіберілген жүкті, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 500,0 грамм және одан да көп шала туған нәрестелерге медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетеміз.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты – барлық тұрғындарға жоғары мамандандырылған, медициналық, дәрігерлік, консультативтік-диагностикалық, стационарлық және амбулаториялық емдеу және алдын-алу көмектерін көрсетуді жүзеге асыру, сондай-ақ әйелдерге жүктілік пен босану барысында және босанудан кейінгі кезеңде, гинекологиялық ауруларда, репродуктивтік функциялардың бұзылуы кезінде көмек көрсету.
Кәсіпорынның алға қойған мақсатын іске асыру үшін мынадай қызмет түрлері жүзеге асырылады:
1) жаңа технологиялар мен медициналық оңалтуды қолдана отырып, қала тұрғындарына білікті емдік-диагностикалық көмек көрсету;
2) аса ауыр патологиясы бар жүкті әйелдерге, жас босанған әйелдерге және жаңа босанған әйелдерге, сондай-ақ заманауи профилактикалық және емдік-диагностикалық технологияларды қолдану негізінде репродуктивтік функциялары бұзылған әйелдерге консультативтік-диагностикалық, емдік және оңалту көмектерін көрсету, босану барысында жәрдем беру;
3) Диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін жүргізе отырып, қала тұрғындарына және азаматтардың өзге де санаттарына жоғары мамандандырылған, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету. Емдеуге жатқызу ережесіне сәйкес, стационарлық емдеуді қажет ететін тұлғаларды мерзімінде емдеуге жатқызу;
4) жаңа туған нәрестелерге олардың Кәсіпорында болуы кезеңінде білікті күтім жасау және медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, күні жетпей туылған балаларға бөлімшелерде (палатада) күтім жасауға қолайлы жағдай жасау; құрсақішілік кемістік дамуы бар жаңа туылған нәрестелерге жоғары мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде ақылы негізде медициналық көмек көрсету;
6) стационарда емделушілерге медициналық оңалту көмегін көрсету;
7) ауру себептерін талдау және көбінесе жиі кездесетін аурулардың алдын-алу бойынша шаралар әзірлеу;
8) ауру себептерін талдау және эпидемияға қарсы шараларды әзірлеу;
9) әйелдің репродуктивтік денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге арналған аналық және перинаталдық аурулар деңгейін төмендетуге бағытталған ана мен баланы қорғауда заманауи және тиімді медициналық технологиялар профилактикасын Кәсіпорын қызметіне ендіру және анықтау;
10) перинаталдық көмек көрсету мәселелері бойынша дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша ұйымдасқан-әдістемелік жұмыстар жүргізу, сондай-ақ акушерлік, гинекология және перинатологияның өзекті мәселелері бойынша конференциялар (отырыс) ұйымдастыру және өткізу;
11) аналық және перинаталдық ауруларды, өлім-жітімді талдау және статистикалық мониторинг жүргізу, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
12) Баланы жетілдіру мен тууға байланысты гинекологиялық ауруларды, асқынуларды ерте кезеңде анықтау және олардың алдын-алу мақсатында профилактикалық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
13) Қауіп тобындағы жүкті әйелдерге амбулаториялық консультативтік және емдік көмек көрсету, сондай-ақ репродуктивтік функцияларының бұзылуы мәселелері бойынша жасөспірім-қыздарға, репродуктивтік жастағы әйелдерге, репродуктивтік жастан асқан әйелдерге медициналық-генетикалық кеңес беру, отбасын жоспарлау, әлеуметтік және психологиялық оңалту, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде көмек көрсету;
14) Баланы жетілдіру мен тууға байланысты гинекологиялық ауруларды, асқынуларды ерте кезеңде анықтау және олардың алдын-алу мақсатында профилактикалық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
15) генетикалық диагнозын нақтылау және ұрпақ өрбіту мақсатында емделушілерге медициналық-генетикалық кеңес беру;
16) әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге көрсетілген медициналық көмектің сапасына клиникалық-сараптамалық бағалау жүргізу, сондай-ақ әр түрлі патологиясы бар жаңа туылған балаларды күтіп-қарау нәтижесі туралы деректерді жинау және жүйелендіру;
17) жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдермен жоспарлы жұмыс жасауды жүргізу, оларды мерзімінде емдеуге жатқызу кезеңділігін сақтау бойынша бақылауды және босанғаннан кейінгі кезеңде оңалту қажеттілігін жүзеге асыру;
18) әйелдерге оңалту шараларын және қалпына келтіру терапиясын жүргізуді, медициналық-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
19) науқастарды рационалды және диеталық тағамданумен қамтамасыз ету;
20) уақытша жұмысқа жарамсыз болуына қатысты сараптама жасау, жүктілігі мен босануы бойынша жұмысқа жарамсыздық парағын беру, белгіленген тәртіпте медициналық-әлеуметтік сараптамаға арналған еңбек қабілеттілігін тұрақты түрде жоғалту белгілері бар әйелдерге жолдама ресімдеу;
21) білім беру мекемелерімен келісім шарт негізінде мамандарды диплом алды және дипломнан кейінгі даярлау жүргізу;
22) пациенттерді диагностикалау мен емдеуде тиімді, нәтижелі, инновациялық әдістерді әзірлеу және ендіру.
Біздің МИССИЯМЫЗ: Қызметкерлер кәсіпқойлығының, интеллектуалды әлеуетінің және максималды жайлылықты жағдайларымен жоғары технологиялы жабдықтың үйлесуі негізінде, халықаралық стандарттар бойынша халыққа сапалы, қауіпсіз, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету.
Біздің ПАЙЫМЫМЫЗ: аурухананы басқарудыңжәне инновациялық технологиялардың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасынжәне емделушілердің қауіпсіздігін тұрақты арттыру.
Біздің ҰРАНЫМЫЗ: Ең жақсысы – Сізге!
Біз ынтымақтастыққа қуаныштымыз және медициналық қызмет көрсету сапасы, қызметкерлердің ықыласты және қайырымды қарым-қатынасы Сіздің баға жетпес сыйыңыз – ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ сақтау және жақсарту үшін ең жақсы жағдайларды жасай алатынына үміттенеміз.

Біздің мекенжайымыз:
Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66
Бізбен байланыс:
+7 7172 51 57 02 – Анықтама беру орталығы
+7 7172 27 20 15 – жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша
+7 7172 50 62 71 Check-up орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер
Бізге келесі бағдарлы автобустарда жетуге болады: № 9, № 11, № 15, № 22, № 28, № 47, № 48, № 64.

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 Көпбейінді қалалық аурухана» МКК акушерлік блок
Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Тәуелсіздік к-сі, 3/1.
Байланыс:
+7 (7172) 36-60-23 – Анықтама бөлімі
+7 (7172) 36-60-39 – Қабылдау-диагностикалық бөлімше
+7 (7172) 34-04-18 – Сенім телефондары
+ 7 707 920 99 78
Whats App: + 7 707 920 99 78
Бізге келесі бағдарлы автобустарда жетуге болады: №2, №3, №18, №23, №25, №28, №31, №48, №71, №73.