Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

ТРАНСФУЗИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Трансфузиология – қан препараттары мен оның компоненттерін құю туралы ғылым. Қазіргі таңда заманауи медицинаның ажырамас бөлімі болып табылады.

Трансфузиология бөлімшесі Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-ның орталықтандырылған құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімшенің басты міндеттері:

  • қан препараттары мен оның компоненттерін қауіпсіз және тиісіне қолдану;
  • донорлық қан препараттары мен оның компоненттерін қолдануды бағалау және мониторинг жүргізу арқылы трасфузиялық терапияның сапасын басқару;
  • қан препараттары мен оның компоненттерін қауіпсіз және жедел қолдануды қамтамасыз ету;
  • дәлелді негізде қан препараттары мен оның компоненттерін құю негізділігі.

Трансфузиология бөлімшесінің қызметкерлернің құзыретіне мыналар жатады:

  • қан препараттары мен оның компоненттерін клиникалық қолдану
  • донор мен  реципиент қанының иммундық қауіпсіздігін зертханалық қамтамасыз ету
  • интраоперациялық аппараттық реинфузияны қамтамасыз ету
  • қан препараттары мен донорлық компоненттердің кемімейтін резервтік қорын қамтамасыз ету
  • трансфузиялық терапия жүргізуге қатысатын қызметкерлер құрамын үнемі оқыту
  • трансфузиялық терапияның тиімділін және барлық посттрансфузиялық асқынуларды бақылау
  • қанды құюға дайындау  және пациенттің жатын орнына дейін тасымадаудың барлық кезеңдерінде «суық тізбек» қамтамасыз ету

Бөлімше Германия, Италия, АҚШ, Латвия секілді әлемнің жетекші өндірушілерінен сатып алынған қан және оның компоненттерін сақтауға, жылытуға және ерітуге және керу құюға арналған  заманауи, мамадандырылған жабдықтармен жабдықталған.

Трансфузиология бөлімшесінің зертханасы жыл сайын Республикалық Референс зертханасында сертификаттаудан өтеді. Бөлімшенің заманауи жабдықтармен және реагенттермен жабдықталуы Кумбс сынамасын тікелей немесе жанама анықтауға байланысты микроколониялық әдістің әлем мойындаған Халықаралық стандартымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде пациенттің қанында антиэритроцитарлық антиденелерді дәлме-дәл анықтауға және донорлық компоненттердің иммунологиялық сәйкес келмеуінің алдын –алуға мүмкіндік береді. 

Трансфузиология бөлімшесінң қызметкерлері жылсайын шамамен 30 000 иммундық гематологиялық зерттеулерді жүргізеді және жоспарлы және шұғыл түрде келіп түскен хирургия және  терапия бөлімшесінің пациенттеріне 10 000 гемотранфузия жүргізуді жүзеге асырады.

Жұмыс барысын тәулік бойы ұйымдастыру және резервтелген донорлық компоненттерді дұрыс сақтау пациенттерге сапалы түрдегі қан препараттары мен оның компоненттерін алуға мүмкіндік береді, оның ішінде сирек кездесетін қан тобы мен резус тиістілік. 

Бөлімшенің ұйымдасқан жедел жұмысының арқасында көптеген адам өмірі құтқарылды.

Бөлімшенің жетекші мамандары клиникалық, сондай-ақ өндірістік трансфузиологияда клиникалық тәжірибеге бай. Сонымен қатар реаниматология және қарқынды терапия бойынша аралас мамандықтар алыс және жақын шетелдердің клиникаларында жылсайын оқытудан өтеді.

Бөлімше тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде медициналық қызметтерді көрсетеді.

Консультативтік–диагностикалық қызметтерлің тізімі.

  • трансфузиолог-дәрігердің кеңесі
  • тікелей және айқас әдіспен топтық және резус-тиістілігін анықтау
  • антиэритроцитарлық антиденелерді анықтау
  • тікелей глобулинге қарсы тест (тікелей Кумбса)
  • жанама глобулинге қарсы тест (анама Кумбса)
  • антиэритроцитарлық антиденелердің титрін анықтау
  • фенотипін анықтау
  • донорлық компоненттерді жеке іріктеу
  • аппараттық реинфузия

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Трансфузиология бөлімшесі (6-блок, 2-ші қабат).

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны