Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"

ЖОСПАРЛЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ 

№1 қалалық аурухананың жоспарлы хирургия бөлімшесі заманауи емдік-диагностикалық жабдықпен жасақталған, 20 төсек-орынға арналған.

Бөлімше қызметінің негізі – бауырдың, өт жолдарының, ұйқыбездің ауруларын диагностикалау және емдеу. Бөлімшенің клиникалық тәжірибесінде науқастарды хирургиялық емдеудің дәстүрлі де, шағын инвазиялық та (эндоскопиялық) әдістері кеңінен қолданылады.

Бөлімшенің жұмыс істеу мақсаты диагностикалау, емдік-консультациялық көмек және Республикалық үйлестіру орталығының күту парағында және Орталықтың күту парағында кезекте тұрғандарға емхана, амбулаториялық-емханалық және ауруханалық консультациялық-диагностикалық орталықтары мен қаланың басқа емдеу-профилактикалық мекемелері дәрігерлерінің жолдамасымен операциялық әрекеттерді орындау, соның ішінде гепатобилиарлық жүйе мен бүйректің созылмалы аурулары кезінде ағзаны трансплантациялау болып табылады.   

Бөлімшенің жоғары білікті дәрігерлері күрделіліктің түрлі деңгейіндегі хирургиялық әрекеттерді орындайды және стационардан шығарғаннан кейін де толық жазылғанға дейін пациенттерге жетекшілік етеді.

Жоспарлы хирургия бөлімшесінде  төмендегілер жүргізіледі:

Трансплантология:

  • Соңғы сатыдағы Бауыр циррозын және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін емдеу.
  • Тірі донордан алынған бауырды трансплантациялау жасалады.
  • Тірі донордан алынған бүйректі трансплантациялау жасалады.

Бауыр ауруларын хирургиялық емдеу:

  • Гепатоцеллюлалық обыр кезінде заманауи технологияларды, қысқыш салу техникасын және басқаны қолдануымен анатомиялық резекциялар жасалады.
  • Метастаздық бауыр обырын, әсіресе колоректальді этиологияны құрама емдеу.
  • Бауыр гемангиомалары кезінде рентгенэндоваскулярлық хирургияның жаңа әдістерін қолдануымен хирургиялық әрекеттер.
  • Бауырдың паразиттік ауруларын (эхинококкоз, альвеококкоз), сондай-ақ бауырдың солитарлы жылауығы мен поликистоздарын құрама емдеу.
  • Бауырдың гемангиомаларымен, солитарлы жылауығымен, бауырдың поликистозымен, рецидивті паразиттік ауруларымен пациенттерді диагностикалау, емдеу және бақылау.

Өттүтік ауруларын хирургиялық емдеу:

  • Бауырдан тыс өттүтікке лапароскопиялық (қысқа жолмен),  эндоскопиялық әрекеттер (ЭРХПГ, ЭПСТ) мен түрлі хирургиялық әрекеттердің (ЧЧХС) барлық спектрі жасалатын, өттас ауруының ең бастапқы және екінші реттегі түрлерімен пациенттер. 
  • Бөлімшенің гепатикохоледохтың жоғары тыртықты тарылыстары кезінде реконструкциялау мен қалпына келтіру әрекеттерінің (анастомоздарды қалыптастырудың прецизиялық әдістерін қолдануымен) үлкен тәжірибесі бар.  
  • Бауырдан тыс өттүтіктің қатерлі ісігі себебі резекциялық немесе эндоскопиялық әрекеттер жасалады.

Ұйқыбезінің ауруларын хирургиялық емдеу:

  • Ұйқыбезі мен периампулярлық аумақтың қатерлі ісігін құрама емдеу.
  • Созылмалы ең бастапқы және ауырсыну панкреатитін хирургиялық емдеу. 
  • Ұйқыбез жылауығы мен жыланкөз түріндегі жіті немесе созылмалы панкреатит зардаптарын хирургиялық емдеу.  
  • Ұйқыбездің сирек кездесетін ісіктерін хирургиялық емдеу (инсулиномаларды, цистаденомаларды, карциноидтерді және басқаларды).

Портальді гипертензияны хирургиялық емдеу:

  • Өңеш пен асқазанның варикоздық кеңейген веналарынан қан кетумен немесе іш шеменімен асқынған портальді гипертензия кезінде (портальді жүйенің магистральды тамырларына, өңеш пен кардия веналарына операциялар).
  • Резистентті іш шеменімен асқынған портальді гипертензия кезінде (лимфовеналық анастомоз немесе перитоневеналық ұштастыру).

Бұдан басқа, бөлімшеде көкбауырдың, құрсақ қабырғасының ең бастапқы және қайталанған жарығының түрлі ауруларымен пациенттерге көмек көрсетіледі (эндоскопиялық техника мен синтетикалық материалдарды қолдануымен дәстүрлі жарықты тігу) және ішперде қуысы мен ішперде артындағы кеңістік ағзаларына басқа да жалпы хирургиялық әрекеттер жасалады.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Жоспарлы хирургия бөлімшесі, 3-ші қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны