Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

28 желтоқсанда Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасында «Жоғары технологиялық симулятордағы «шұғыл қабылдау бөлімшесіндегі сыни жағдайлар» тақырыбына арналған анестезиолог-реаниматолог дәрігері Анатолий Евгеньевич Веревкиннің көрнекі шеберлік сағаты өтті.   

Оқу-жаттығу аясында аурухананың дәрігерлері, мейіргерлері мен резиденттері келесі шұғыл жағдайларда әрекет ету алгоритмін пысықтады:  «Сол жақ ортаңғы ми артериясы бассейнінде ми қанайналымының жіті бұзылуы. Сол жақта кеуде мен іштің жұмсақ тіндерінің соғылуы» және  «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының өршуі, тыныс алу жеткіліксіздігі, өздігінен пневмоторакс».

Шұғыл жағдайлар кезінде жоғары технологиялық симуляция - бұл нақты мүмкіндігінше жақын жағдайларда медициналық көмек көрсету дағдыларын пысықтауға мүмкіндік беретін оқыту әдісі. Ол үшін емделушінің әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайларын ұқсата алатын симуляторлар қолданылады. Шеберлік сағатта «Аполлон» IV буынының жоғары шындыққа негізделген роботы - шын адамның толық бойлы симуляторы ұсынылды. Робот тіршілік белгілерін көрсетті: өздігінен тыныс алу, жыпылықтау, кеуде қуысының экскурсиясы, пульсті пальпациялау, сонымен қатар онда бірқатар параметрлерді тіркеу және терапевтік араласуға жауап беру мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Жоғары технологиялық симуляция өз дағдыларын өзекті күйде сақтауға   және шұғыл жағдайларда емделушілерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін жаңа емдеу әдістерін үйренуге мүмкіндік береді.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді