Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

 

Жыл сайын бүкіл әлем наурыз айының екінші бейсенбісінде Бүйрек күнін атап өтеді. Дүниежүзілік бүйрек күні - бұл 126 елде, соның ішінде Қазақстанда 9000-нан астам кәсіби мүшесі бар Халықаралық нефрологтар қоғамының (ISN) жаһандық бастамасы. Биылғы жылғы іс-шараның ұраны – «Барлығына сау бүйрек: көмек көрсетуге және оңтайлы медициналық тәжірибеге тең құқықты қол жеткізуді қамтамасыз ету».

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жоғары мамандандырылған амбулаториялық диализге тең қолжетімділік қамтамасыз етілді. 9 000-нан астам емделушілері бар 170-тен астам амбулаториялық диализ орталықтары еліміздің барлық шалғай өңірлерінде диализ терапиясын толық көлемде қамтамасыз етеді. Бұл күні АМУ КеАҚ профессоры, нефролог дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Думан Кажибаевич Туребеков, бүйрек саулығы, аурулардың даму қаупінің факторлары және олардың белгілері туралы, сондай-ақ алдын алу және емдеу туралы әңгімелейді.

Бүйрек ауруларының даму қаупінің негізгі факторлары

Жылдан жылға созылмалы бүйрек аурулары бар емделушілер санының өсуі байқалады, бұл ең алдымен кешенді себептерге және бірқатар қауіп факторларына байланысты. Бұл, ең алдымен, артериялық гипертензияның, қант диабетінің, семіздіктің, мультифокальды атеросклероздың, онкопатологияның және бүйректің бастапқы ауруларының жоғары таралуы, сондай-ақ темекі шегу сияқты зиянды факторлардың әсері, дәрі-дәрмектерді негізсіз қолдану (антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар және т.б.). Өкінішке орай, созылмалы бүйрек ауруының нәтижесі бүйректі алмастыратын терапияны қажет ететін терминалды созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі болып табылады.

Бүйрек проблемаларын қандай белгілер көрсетуі мүмкін?

Созылмалы бүйрек ауруларының зұлымдығы - бұл ауру алғашқы сатысында ешқандай белгілерді көрсетпейді, ауру үн-түнсіз. Алғашқы сатысында жалпы әлсіздік, дімкәстік, ұйқышылдық алаңдатуы мүмкін. Айта кетсек, бұл аурудың үнсіз ағымын ескере отырып, көптеген адамдар білмейді және медициналық көмекке жүгінбейді, тек кеш сатысында айқын әлсіздік, шаршау, жүрек айну, құсу, жоғары артериялық қысым сияқты белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болады. Осы уақытқа дейін нақты тәжірибеде созылмалы бүйрек ауруларының асқынған түрлерінің фактілері әлі де бар, емделушінің өзі бүйрек алмастыру терапиясын алу қажеттілігінің фактісі алдында тұрған кезде.

Бүйрек аурулары туралы мифтер мен шындық

Біздің емделушілеріміз арасында ең көп таралған миф - бүйректің жұмысын жақсарту, креатинин мен несепнәр (шлактар) деңгейін төмендету үшін көп мөлшерде су қабылдау. Сұйықтықты шамадан тыс қабылдау тіпті аурудың өршуіне әкелуі мүмкін. Әрбір нақты жағдайда қабылдау мөлшері бойынша нефролог дәрігеріне жүгіну керек.

Аздау кездесетін миф - егер креатинин деңгейі қалыпты болса, онда бүйрек жақсы жұмыс істейді! Шын мәнінде, біз нефрологтар бүйрек функциясын тек шумақшалық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) деңгейімен анықтаймыз, оның негізінде біз созылмалы бүйрек ауруының сатысын және сәйкесінше тактиканы анықтаймыз. Бұл жағдайда ШСЖ-ның деңгейі креатинин деңгейіне ғана емес, сонымен қатар жасына, жынысына, дене салмағына да байланысты.

Бүйрек саулығын сақтауға не көмектеседі?

  1. Тұз бен ет тағамдарын асыра пайдаланбау. Консервілерді, тағамдық концентраттарды, тез дайындалатын өнімдерді пайдалануды барынша шектеу.
  2. Салмақты бақылау. Артық салмақты болдырмау және оны күрт түсірмеу. Көкөністер мен жемістерді көбірек пайдалану, мол калориялы өнімдерді пайдалануды шектеу.
  3. Сұйықтықты көбірек ішу. Тәулігіне 1,5-2 литр сұйықтық ішу керек, әсіресе ыстық жыл мезігілінде. Ең жақсы сусын - қарапайым ауыз су.
  4. Темекі шекпеу, алкогольді асыра пайдаланбау.
  5. Дене шынықтырумен үнемі айналысу. Жүрекке қарағанда бүйрек  үшін  аса маңызды! - мүмкіндігінше күніне 15-30 минут немесе бір сағаттан аптасына 3 рет. Көбірек қозғалу, жай ғана жаяу жүруге болады, мүмкіндігінше лифтті пайдаланбау.
  6. Ауырсынуды басатын дәрілерді шектен тыс пайдаланбау - бас тарту немесе қабылдауды шектеу. Дәрігердің тағайындауынсыз несеп айдайтын дәрілерді өз бетінше қабылдамау, өзін-өзі емдеумен айналыспау және тағамдық қоспалармен әуестенбеу.
  7. Өзіңізді органикалық еріткіштермен және ауыр металдармен жанасудан қорғау. Өндірісте және тұрмыста (автомашинаны жөндеу, қызмет көрсету, үй учаскесінде жұмыс істеу кезінде және т.б.) инсектицидтермен және фунгицидтермен жұмыс істеу кезінде қорғаныс құралдарын пайдалану.
  8. Күн сәулесінде шамадан тыс болмау және бел аймағы мен жамбас мүшелерінің, аяқтарының аса тоңазуына жол бермеу. 
  9. Артериялық қысымды, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін бақылау. 
  10. Бүйректің жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін медициналық тексеруден үнемі өтіп тұру (жалпы қан, зәр анализі, қан креатинині, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі). Сонымен, бүйрек жеткіліксіздігінің бірінші сатысы жасырын өтеді, ерлерде де, әйелдерде де айқын белгілері жоқ. Ауруды диагностикалау тек кешенді зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша мүмкін болады. Протеинурия – зәрдегі ақуыз концентрациясының жоғарылауы патологияны көрсетуі мүмкін.

Әркім кез-келген патологияның алдын-алу, ең алдымен «Емдеуден гөрі алдын-алу оңай» қағидасына негізделгенін есте ұстауы керек.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді