Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана, 25 маусым. Мәжіліс үй. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Комитет мүшелері Астана қаласы №1 қалалық ауруханасының инсульт орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады.

30 төсек-орынға есептелген инсульт орталығы 2012 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді.  Инсульт орталығына емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер ишемиялық, геморрагиялық инсульттер, транзиторлық ишемиялық өршулер, сондай-ақ инсульттен кейін 2 ай аралығында ерте жалғастырылған оңалту болып келеді.

Орталық қызметкерлері мәжіліс депутаттарына оның жұмысының ерекшелігі туралы айтты.

Инсульт симптомдары пайда болған кезінен бастап «терапиялық мерзімдер», яғни 3 сағат аралығы кезеңінде жеткізілген науқастарға алғашқы тәулікте жүргізілетін қажетті емнен басқа, жағдайы тұрақтанғаннан кейін науқасқа одан әрі оңалту емі көрсетіледі. Мультидисциплинарлы бригада құрамына дәрігер-невролог, дәрігер-реабилитолог, логопед, кардиолог, психиатр, емдік денешынықтыру нұсқаушылары, физиотерапиялық емшара медбикелері кіреді.

Инсульт орталығы жұмысының көрсеткіштеріне сәйкес, өткен жылы 1012 адам түскен, ол 2012 жылмен салыстырғанда 257 адамға артық. Сонымен бірге барлық оқиғалар шұғыл болды.  

Мәжіліс комитетінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ аурухананың медицина қызметкерлері қатысқан кеңес барысында оңалту орталықтарының қызметі үшін бірыңғай стандарттарды жасау, оңалту жабдығының жеткіліксіздігі туралы, науқастарды емдеу үшін тарифтерге түзету коэффициентін енгізу қажеттілігі туралы және басқа да мәселелер көтерілген.

Болып өткен талқылауды есепке алуымен, тиісті ұсыныстар жазылатын болады.

 Источник: Сайт Парламента Республики Казахстан www.parlam.kz

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді