Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2015 жылғы 11 тамызда алғашқы рет өздігінен Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК трансплантологтарымен тірі донордан туыстық бауыр трансплантациясы жасалған болды. Реципиент 35 жастағы Астана қаласының тұрғыны Наурызова Жумагул Рысбаевна болды. Емделушіде алғашқы рет цирроз белгілері қатты әлсіздік, аяқтарында ісінулер пайда болғанда және ішінің көлемі ұлғайғанда 2014 жылы анықталған болды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап гепатологиялық орталыққа жүгінген, қанды тексерген кезінде В+Д гепатитінің оң анализдері анықталған. Одан кейін емделуші тексерілген және аспаптық зерттеулердің клиникалық-зертханалық деректері негізінде «Декомпенсация сатысындағы бауыр циррозы» диагнозы қойылған. Амбулаториялық кезеңде емдеу курсын қабылдаған, нәтижесіз, осыған байланысты тірі донордан туыстық бауыр трансплантациясын жасау үшін гепатологпен Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК жіберілген. 2015 жылғы 04 тамызда жоспарлы тәртіпте ауруханаға түскен, әңгіме өткізілген, тірі донордан туыстық бауыр трансплантациясын жасау ұсынылған. Донор Астана қаласының тұрғыны 23 жастағы жиені болды. Стационарлық деңгейде реципиент пен донор дайындалған болды, дәрігерлер консилиумы өткізілген, қарсы көрсетімдер анықталмаған.

Бүгінгі күнде бауырды алмастырғаннан кейін реципиент жағдайы тұрақты. Бауыр функциясы қалпына келуде, УДЗ және КТ мәліметтері бойынша бауыр мен өт шығатын жолдарының тамырлы қанағымы бұзылмаған, трансплантат жұмыс істейді. Реципиент белсендірілген, ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Донордың жағдайы қанағаттанарлық, барлық клиникалық анализдері жақсы, ауруханадан шығуға дайындалуда.

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК трансплантологияны дамытатын, Қазақстан Республикасындағы Қалалық деңгейдегі алғашқы стационар болып келеді. Шетел мамандарымен бірлесе туыстық бауыр трансплантациясы бойынша алғашқы операция біздің клиникамыздың жағдайларында 2013 жылдың ақпан айында жасалған еді.

2013-2014 жылдар кезеңінде Сеул Ұлттық Университеті госпиталінің (Оңтүстік Корея) жетекші мамандарымен бірлесе туыстық бауыр трансплантациясы бойынша 12 операция жасалған.

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК жабдықталу деңгейі мен мамандар біліктілігі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін атап өткен жөн.

Ағзаны алмастыру бойынща операция санының артуы Қазақстан Республикасында трансплантологияны дамытуындағы маңызды үлес болып келеді, яғни ол Қазақстан Республикасының медициналық қызметінің ең қысқа уақыт аралығында Дүние жүзіндегі бәсекелесуге қабілетті денсаулық сақтау қызметтерінің қатарына өту үшін қажет.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді