Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

«Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына, «Токсикологиялық – терапиялық жылжымалы госпитальді өрістету бойынша тактикалық – арнайы оқу – жаттығуларды өткізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 16-ө қаулысына сәйкес және қала аумағындағы халықты, объектілер мен коммуникацияларды қарсы жақтың іс-қимылынан, диверсиялық актілерден қорғау бойынша Астана қаласының медицина ұйымдарының дайындық пен қабілеттілік деңгейін жоғарылату, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін жүргізу мен қамтамасыз ету мақсатында ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК базасында үш бөлімшелермен және қосалқы бөлімдермен 45 төсек-орынға арналған штатпен госпиталь құрылған болды.

«Жиналу» дабылын қабылдағаннан бастап, 2015 жылғы 29 қыркүйекте сағат 08.15-те барлық штаб мүшелері мен барлық госпиталь құрамы стационардың орталық шыға берісіне жиналды.

Тактикалық – арнайы оқу – жаттығулардың (ТАОЖ) негізгі мақсаты госпитальдің басқару мекемесінің, жеке құрамының, техникалық және қызмет көрсететін қызметкерлердің АҚ және ТЖ іс-шараларына дайындығын тексеру, хабарлау сұлбасын істеп өтеу және Астана қаласының басқа медициналық мекемелерімен өзара әрекеттестік тәртібі болды.

Штаб бастығы Г.С. Абежанова мен штаб мүшелерімен қойылған тапсырмаларға сәйкес, госпиталь бастығы Н.П. Павловамен төмендегі жұмыс орындалған:

- «Зардап шеккендерді қабылдаған кезінде госпиталь қызметкерлерінің мінез-құлық және іс-әрекет қағидалары» тақырыбына арналған теориялық оқу өткізілген.

- Оқу-жаттығу алдында өткізілген ТАОЖ жоспарына сәйкес өткізілген (жоспар қоса беріліп отыр).

- Легенда бойынша хлор жарылысы болды. Алты адам зардап шекті. Екі адам «Өкпе ісінуі», «Кома» диагнозымен бірінші терапиялық бөлімшеге, бір адам ауырлықтың жеңіл дәрежесінде уланумен және оң жақ білектің жабық сынығымен екінші терапиялық бөлімшеге түсті. Психикалық-неврологиялық бөлімшеге психозбен бір адам түсті. Ультрадыбыстық зерттеуге іштің сыздаған жарақатымен бір зардап шеккен және стоматологиялық бөлімшеге жақ-бет жарақатымен бір зардап шеккен жеткізілген болды.

ТАОЖ сағат 17.00-де аяқталды.

Госпитальдің басқарушы, жеке құрамының әрекеттері функционалдық міндеттерін білетіндерін көрсетті, яғни, олар жағдай туындаған кезінде дұрыс шешімдер қабылдады. Барлық госпиталь құрамы өз білімдері мен дағдыларын қолдана отырып кәсіби, сауатты жұмыс жасай білді.

Ұсыныстар:

1. Жылына бір рет жеке құраммен ТЖ бойынша теориялық білімдерін істеп өтеумен қоса, тәжірибелік әрекеттерді істеп өтеу бойынша жұмыс жалғастыру.

2. Госпиталь бойынша материалдық-техникалық мүлікті толықтыру (ЖҚҚ, аспаптар, арнайы киім жыл аралығында).

Қорытынды:

Госпиталь қызметкерлерімен, техникалық және қызмет көрсететін қызметкерлермен айтылған пікірлерден, ескертулер мен ұсыныстардан кейін, аурухана штабының жеке құрамы бағыт бойынша орындауға дайын екендігіне қорытынды жасалды.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді