Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Акушерлік блок

+7 (7172) 36-60-23
+7 (7172) 36-60-39

010000, Астана,
ул. Тәуелсіздік, 3/1

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"

2013 жылдың 11 наурызынан бастап 14 наурызы аралығында Астана қаласы №1 қалалық ауруханасының базасында оториноларингология бойынша семинарлар циклы өткен. Дәріс оқыған  Манн Вольф – атақты неміс оториноларингологы, Иоганн Гутенберг университетінің профессоры, ФРГ, Майнц қаласындағы  Оториноларингологиялық Университет клиникасының директоры.  

Семинарлардың негізгі мақсаты – құлақ, тамақ, мұрын патологияларын емдеудің тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша Астана қаласының оториноларингологтарына ғылыми-практикалық көмекті көрсету. Алғашқы семинар қазіргі заманғы оториноларингологияның өзекті мәселелеріне арналған болды. Осы семинардың шеңберінде «Көмейдің тарылуы» баяндамасы ерекше назарға лайық болды. Екінші семинар - «Полипозды риносинуситтер кезінде операциялық және операциядан кейінгі емдеудің тәсілі». Үшінші семинар «Ортанғы құлақтың патологиясы кезіндегі теория мен практика. Есту қабілетін жақсартатын операциялар» тақырыбына арналған болды. Семинар қатысушылары қаланың және кейбір өңірлердің (Ақтау, Петропавл қ.) оториноларинголог дәрігерлері, «Астана Медицина университеті» АҚ резиденттері, интерндері болған.  

Астанада 4 күн болған уақыт ішінде профессор Вольф Манн №1 қалалық ауруханасының оториноларингология бөлімшесінің меңгерушісі Мұхамадиева Гүлмира Амантайқызымен бірге №1 қалалық аурухана мен №2 қалалық аурухананың базасында қырықтан астам емделушілерге кеңес берген, оннан астам операция жасаған.  

Дәрігерлердің пікірлері бойынша, семинарлардың осы циклі оларға тек теориялық қана емес, сондай-ақ практикалық құндылықты да әкелген. Осындай және басқа да білім беретін іс-шараларды өткізудің арқасында мамандар медициналық көмектің сапасын жоғарылату және Батыстың алдыңғы қатарлы технологияларынан кем болмайтындай етіп, оны жоғары мамандандырылған медицинаның рельстеріне аудару мақсатында өздерінің теориялық білімдерін «арттыратын» болады және практикалық дағдыларын жетілдіретін болады. 

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Нур-Султан